Вторник, 21 апреля, 2026

Бақытын баладан тапқан

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Шаңырақтың шаттығы мен береке-бірліктің ұйытқысы бола білген ананың орны әрқашан биік. Әйел баласының ана болуы бір бақыт та, көпбалалы ана атануы нағыз ерлікке пара-пар. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Бақытын аттаған босағасынан тапқан қазақ әйелдерінің бар үміт-тілегі өмірге әкелген ұл-қыздарында жатса керек.

Созақ ауданы, Құмкент ауылында тұратын көпбалалы ана Гүлбаршын Ташикова да дүниеге әкелген 7 перзентінен үлкен үміт күтеді. Отағасы Нұрым Шағаев екеуі шаңыраққа ие болып қалатын 4 ұлының тәрбиесіне үлкен мән берді. Олардың бір атаның ғана емес, тұтас ұлттың ертеңі болар азаматтар қатарында болуын қалады. Сол үшін олардың жоғары білім алуын және әскери азаматтық борыштарын өтеуіне ықпал жасады. Үлкендеріне «Ұстаздық – ең қастерлі мамандық» деген қағиданы сіңіре отырып, педагог мамандығын таңдауларына үлес қосты. Көпбалалы ана бала тәрбиесінде ата-енесімен қатар, ерінің де көп ықпал жасағанын айтады.

– «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген Мұхтар Әуезовтің жақсы сөзі бар. Расында, қазіргі кезде ұл балалардың тәрбиесі қиындап кетті. Әлемді былай қойғанда, елімізде ер жігіттердің қатысуымен неше түрлі қылмыстардың орын алуы алаңдатарлық жағдай. Атам өз балаларына өте талапшыл болған екен. Жастайынан еңбекке баулып, отансүйгіштікті бойларына сіңіріп отырған. Сондықтан болар, жолдасым да ұлдарының тәрбиесіне аса көп мән беріп, тәртіпті болуын, адал еңбекпен өмір сүру керектігін үнемі қайталаудан жалықпады. Ал, қызғалдақтай өскен үш қызымның тәлім-тәрбиесіне анасы, яғни мен жауап беремін, – дейді ол.

Үйдің тірегі отағасы болса, әйел – берекесі. Алғаш босаға аттап келін атанғанда Гүлбаршын құт дарыған, мәуелі ағаштай жайқалған көпбалалы отбасыға түскенін білмепті. Күйеуінің әкесі соғыс ардагері, анасы «Алтын алқа» иегері екендіктерін естіп, іштей жақсы ырымға балапты. Отбасындағы қайынбике-қайынінілерімен де құрбы-құрдасындай тез тіл табысып, арқа-жарқа араласып кетеді және бұл сыйластық әлі күнге дейін араларынан үзілмеген. Қарапайым ғана түкпірдегі ауылда өмір сүріп жатқан қырық төрт жастағы көпбалалы ана тәтті қылықты немересінің сүйікті әжесі.

Көп балалы болу қазір қайтадан белең алып келеді. Бала бар жерде – ана бар, бала бар жерде – болашақ бар. Сондықтан бұл мәселе қай заманда да маңызды. Мемлекет оған барынша қолдау көрсетуі керек. Бірақ, кейбір келіншектер осы қолдауды малданып, мемлекетке масыл бола бастағандай көрінеді.  Қолыңнан келсе еңбек ет. Баланы да ту, жұмыс та істе. Өзім қарашаңырақтағы келін болдым. Қарт ата-ене қарау, олардың шай-тамағын беру, жағдайын жасау және дүниеге дені сау ұрпақ әкелу менің басты міндетім деп санадым. Атам мен апамның ақ батасын алдым. Арқасүйер асыл ерім қолдап тұрса, балаларым құрмет көрсетіп жатса, демек, менің мақсатым орындалғаны ғой, – дейді Гүлбаршын Бегалықызы.

Жаңалықтар тізбесі

«Әр құрақшының өз стилі бар»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленген болатын. Онда шағын және орта...

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы өтті

Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы басталды. Маңызды басқосуға ЮНЕСКО-ның бастамасымен әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы жиналды. 26-28...

Түркістандық делегация теріскейде

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана...

Түркістан облысында агрессивті балалардың саны артқан

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудан, қалалық басқармалары жыл сайын медицина мекемелерінен мектеп жасындағы оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілерінің медициналық...

Қазақстан ажырасудан әлемде 16-орында

Биыл жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиды, бұл былтырғыдан 2,2% аз. Қалаларда қиылған неке саны бір...

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады....

Тұрғындарды газбен қамту мәселесі бақылауда

Д. Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек». Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Облыс әкімі...

Тағы да