Воскресенье, 19 апреля, 2026

Тұрғындарды газбен қамту мәселесі бақылауда

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Д. Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек». Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Облыс әкімі жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды жедел «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Түркістан облысындағы филиалына да ұсыныстар берілді.

Дархан Сатыбалды – Түркістан облысының әкімі
Адамдар газ келді деп қуанады. Бірақ газды үйге кіргізуге дейін түрлі қиындықтардан өтеді. Осы мәселені бақылауға алып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек. Газ саласына қатысты әрбір мәселеге жауапты тұлғалар бекітіліп, тұрақты мониторинг жасалуы тиіс
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, өңірде 31 автоматтандырылған газ тарату станциясы бар. Тағы бесеуінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 457-сі табиғи газбен қамтылған. Елді мекендегі халық санымен есептесек 1 млн. 529 мың тұрғын немесе 73,7 пайызы табиғи газды қосу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.
2022 жылы 69 газ нысанының құрылысына 15,9 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 9 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 60 нысанның құрылысы 2023 жылы аяқталуға тиіс. Алдағы 3 жылда қосымша 255 елді-мекен табиғи газға қосылады деп жоспарланып отыр. Осылайша 2025 жылы жалпы 722 елді-мекен  немесе 2 млн. 3 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Сонымен бірге жиында мамандар тұрғындар баспаналарын газға қосу үшін алдын-ала қамдану керегін ескертті.
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 2 мыңнан астам іс-құжаттар сотқа жолданған. Істің 64 пайызы сотта тараптардың татуласуымен қысқартыған. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тұрмыста жасалған қылмыстардың 30 пайызы мас хәлде немесе спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған. Мастықпен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ордабасы ауданының «Жусансай», «Ақ қойлы», Жетісай ауданының «Алмалы» және Мақтаарал ауданының «Жеңіс» елді мекендерінде тұрғындардың бастамасымен дүкендер спирттік ішімдік сатудан бас тартқан. Аталған елді мекендерде қылмыс саны азайған. Бұл мәселе де облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бағытында 234 отбасын қолдау орталығын ашу көзделген. Аймақта биыл 3 орталық ашылды, жалпы 4 жылда 16 орталық ашу жоспарланған.

Жаңалықтар тізбесі

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы...

«Халық-Life» АҚ компаниясы 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады

2021 жылғы 27 қазан, Алматы қаласы – «Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады. 2021 жылдың 3-ші тоқсанның...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 81 600 ГЕКТАР ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Үкімет отырысында ауыл тұрғындары үшін жайылымдарды қайтару бойынша тапсырма берілген болатын. Бұл бағытта Түркістан...

Күшіміз бірлікте: Halyk Bank басқа екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмектесуде

Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде. Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы...

Бақ қонған үй

Қазақ тумысынан балажан халық қой. 38 жасында 9 баланы дүниеге әкеліп, кеудесіне алтыннан алқа таққан шымкенттік Гүлмира Айтқұлова туралы...

VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық...

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен тұсындағы Муғла Түркияның Бодрум, Фетхие, Мармарис, Датча, Гочек, Өлітеңіз және Көйджеғиз сияқты ең...

Балалар қауіпсіздігі басты назарда!

Қазіргі таңда барлық білім беру орындарында өткізілетін «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастырып, көлікпен жарысуды дәстүрге...

Жастардың  кітап оқуға деген құлшыныстары артып келеді.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі  ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін...

Тағы да