Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістандық делегация теріскейде

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі кәсіпкер, бірі ауыл әкімі болып үлгерді. Күнгей өңірден теріскейге барған көштің қазіргі жағдайымен танысу мақсатында Түркістан облысынан аттанған арнайы топ Павлодар, Абай облыстарын аралауда. Делегация құрамында жауапты басқарма мамандары мен БАҚ өкілдері, депутаттар, әлеуметтік желі белсенділері бар.

Қоныс аударғандардың жағдайымен танысып, жұмыс күші жетіспейтін ауылдарды аралауға барған түркістандық жұмысшы топ әуелі Павлодардағы жұмыспен қамту басқармасының басшысы Альмира Аманқызымен, Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашевпен кездесті. Аталған аудан егін мен мал шаруашылығына қолайлы. Ең басты мәселе — маман тапшылығы. Оның ішінде мұғалімдер ауадай қажет.

— Солтүстікке көшіп барған түркістандық азаматтардың өмірлерін өз көзімізбен көріп жатырмыз. Өңірде кәсіпті өркендетуге мүмкіндік мол, бірақ жұмыс күші жетіспейді. Сапар барысында Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінен 6 жыл бұрын Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп келген Нұрсұлтан Қаппаровтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстық. Бүгінде оның жеке кафесі, шаштаразы, көлік жуу, самса сататын орындары бар. Екі қыз, бір ұл тәрбилеп отырған отбасы биылдың өзінде 10 отбасының көшіп келуіне себепші болған. Жыл соңына дейін тағы да 10 отбасы келеді деп отыр. Одан бөлек, Шымкент қаласынан биыл мамыр айында Павлодар облысы Шарбақты ауданының орталығына көшіп келген Аида Аманжоловамен жүздестік. Ол Шарбақты аудандық ауруханасында жас маман болып қызмет атқарады. Әріптестері Аидадай білікті маманның келгеніне қуанышты екендіктерін жеткізді,- дейді түркістандық делегация мүшесі, әлеуметтік желі белсендісі Қайрат Кәрібаев.

Сондай-ақ, небәрі 23 жастағы сайрамдық Зорёд есімді азамат Павлодар облысы, Константиновка ауылына 2019 жылы көшіп келген. Еңбекке жақын жігіт 3,5 гектар алқапқа 100 тонна картоп өнім алып отыр. Одан бөлек 400-ге жуық ірі қара малы да бар. Одан бөлек, Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінен көшіп келгеніне 4 жыл болған Тулкинжон Юсантаев та осы Константиновка ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда ол 20 гектар егістік жерге пияз, тұрып, асқабақ, қырыққабат, қарбыз егіп, егін шаруашылығын өркендетіп отыр.

Осы уақытқа дейін Түркістан облысында солтүстік облыстарынан келген өкілдер бірнеше рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізіп, кездесулер ұйымдастырған болатын. Айта кетсек, мамыр айында «Tauekel» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов келіп, халықпен жүздескен. Нәтижесінде оңтүстік өңірінен 50-ге жуық отбасы теріскейдің тыныс-тіршілігімен танысуға аттанған болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Таланттардың шеберлігі шыңдалды

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы...

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН АШҚАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынған. Мемлекеттік қайтарымсыз грант көмегімен кәсібін дөңгелетіп отырған...

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр "Жеңіс күніне" екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны...

Жастық шақ — қайрат-жігерге толы кезең

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық...

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны бірқатар аудандарда өсім көрсетіп отыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті. Күн...

Түркиядағы Қара теңіздің таулы аймақтары ұмытылмас әсер сыйлайды

  Түркияның Қара теңіз таулы аймақтары қала өмірінің күйбең тіршілігінен демалғысы келетіндер үшін саналуан таңдау ұсынады. Үстірттер Қара теңіздің жыл...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарыағаш қаласы, Созақ көшесіндегі, Кескент каналының үстінен өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Шараға...

Қазақстандық журналистер Өзбекстандағы тарихи-мәдени орындармен танысты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты - қос ел арасындағы...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Арыс қаласында серуендеуге және жайлы демалысқа, сондай-ақ спортпен шұғылдануға арналған жаңа саябақ ашылды. Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына қала әкімі...

Тағы да