Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жастарымен кездесті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің 150-ден астам белсенді жастарымен кездесті. Еркін форматта пікірлесті. Олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын тыңдады. Ақыл — кеңес берді. Жастарға сенім артатынын айтқан облыс әкімі игі істердің басында жүрген ұл-қыздарға алғыс білдірді.
Өңірдегі жастар саясатына үлес қосуға шақырды.

— Бүгінгі кездесуде өзекті мәселелер мен тың идеяларыңызды ортаға салуға шақырамын. Жастар арасындағы проблеманы сіздерден артық ешкім білмейді. Мәселелер айтылып, шешу жолдарын талқылайық. Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сіздер болашақтың жас құрылысшысы екендеріңізді еш уақытта естен шығармауларыңыз керек. Барымызды бағалайық. Білім алыңыздар, еңбек етіңіздер, аға буынның ақылына құлақ асыңыздар, үздіксіз ізденісте болыңыздар. Жеке кәсіп ашуға құмар жастар қатары артып келеді. Жалынды жас үшін асу асып, өткелдерден өту қиын емес. Ең бастысы, биік мақсат, мәртебелі мүдде болу керек,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Еркін форматта өткен кездесу екі сағатқа созылды. Көп мәселенің күрмеуі шешілді. Жастар өңір басшысына түрлі сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспана мәселесін көтерді. Білімді жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау, қоршаған ортаны қорғау жайлы айтылды. Облыс әкімі жастармен жиі жүздесуге дайын екендігін айтып, көтерілген тақырыптар аясында жұмыс істелетіндігін жеткізді. Мұндай кездесулер жалғасын табады.

Түркістан қаласында облыстық жастар ресурстық орталығының ғимараты орналасқан. Орталықты аралап көрген
облыс әкімі Дархан Сатыбалды 17 аудан, қала бойынша Жастар ресурстық орталығы басшыларымен танысты. Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Түркістан өңірінде 470 мыңнан аса жас бар. Бұл — республика жастарының 13%-ы. Облыс халқының төрттен бірін құрайтын жастардың 80%-дан астамы ауылда тұрады. Олардың арасында еріктілер де баршылық. Қоғамдық жұмыстарға араласып, түрлі бағытта, түрлі жағдайларда халыққа қызмет көрсетуде.

Кездесу соңында облыс әкімі белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда кірпіш зауытын салынады

Қытайлық «Jemchug Power» компаниясы Түркістан облысына 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Шетел инвестициялары тәулігіне 400 мыңға...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» білім іздеген жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Шілденің 13-нен бері «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі 18 ЖОО-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қ.А. Ясауи атындағы...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТАУЫС ҚҰСЫ ӨСІРІЛУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Искендер Павлиев үй жағдайында тауыс құсын өсірумен айналысуда. Шаруа павлин...

Халық саны қалада өсіп жатыр – демограф

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Соңғы 10 жылда еліміздегі халықтың саны 16,9%-ға өскен. Жалпы халық санының өсімі қалай...

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл...

Бәйдібек: «Жасөспірім және заң!» тақырыбында жиын өтті

Боралдай ауылындағы және аудан орталығындағы мәдениет үйлерінде «Жасөспірім және заң!» тақырыбында аудандық ата-аналармен кездесу жиыны өтті. Кездесу жиындарына Түркістан...

Beautiful waterfalls that will take your breath away

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан...

Тағы да