Понедельник, 20 апреля, 2026

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме 13 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетуде. Ғимараты 1974 жылы типтік емес үлгіде дәріханаға арналып салынған. Соған қарамастан мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.
Емхана жұмысының жай-күйімен танысқан Б.Тәжібаев жаңа типтік жобадағы емхана ғимаратының құрылысын жоспарға енгізуді жүктеді. Мұнан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Күншуақ» бөбекжай бақшасының құрылыс жұмыстарын тексерді. Сала мамандарына құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Манкент ауылындағы дәрігерлік-амбулатория жұмысымен танысты. Қазір медициналық мекеме жаңа ғимарат құрылысын қажет етеді. Бұл ретте ғимарат құрылысына Манкент ауыл округі әкімшілігі тарапынан Жалал ата көшесі бойынан 1,0 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделген. Қазір СЖТ құжаты Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған. Аталған жұмыстар жалғасын табады.
– Сайрам аудандық ауруханасына да соңғы он жылдықта күрделі жөндеу жүргізілмеген. Оннан астам нысанды қамтитын ауруханаға күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Аудандағы әлеуметтік нысандарды ретке келтіру мәселесін мұқият бақылауда ұстаймыз, – деген Бейсен Тәжібаев аудан орталығында тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.
Қордаланған мәселелердің біразы мектеп тапшылығы, білім нысандарына жөндеу жүргізу, жаңа емхана мен кітапхана соғуды қамтыды. Мәселен, 55 жылдық тарихы бар аудандық орталық кітапхана 2011 жылдан соң жөндеу көрмеген. Кітап қорын сақтайтын қойма орындары да жетіспейді. Мәселені шешудің екі жолы қарастырылуда. Жаңа кітапхана құрылысын бастау немесе басқа ғимаратқа ауыстыру ұсыныстары бар. Қабылдауда өзге де жергілікті деңгейде шешілетін сұрақтар қаралды. Заң аясында жауаптары жолданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ НАЧАЛИ РАБОТУ ПРЕДПРИЯТИЯ ПО ПРОИЗВОДСТВУ МАШИН КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ

В ходе рабочей поездки в Кентау аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды посетил ТОО «BNK Group LTD», которое занимается производством...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда...

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Б.Аширбаев құрылыс нысандарын бақылау жұмысына қатысты.

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Б.Аширбаев құрылыс нысандарын бақылау жұмысына қатысты. Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan»...

Түркістандық делегация теріскейде

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі...

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ»

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

ТҮРКІСТАН: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Сарыағаш қаласы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Кәусар» мейрамханасында арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналып дастархан жайылды. Іс-шара барысында балаларға арналып...

ЖАСТАР- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ

Жастар  – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы     Жастар  – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның...

Картепе, Улудаг және Карталкая: Мармараның «Ақ жолдары»

Қарлы шыңдар, сәнді тау шаңғысы курорттары және жанға жайлы демалыс – Түркияда. Түркияның қысқы демалысты қамтамасыз ететін түрлі шаралары теңіз,...

ТҮРКІСТАН: Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті

Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты...

Тағы да