Воскресенье, 19 апреля, 2026

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды “Ұлы алаш” ұлттық порталы.

“Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады. 70% жағдайда бұл көмектің уақтылы көрсетілмеуі мен профилактика болмауының салдары. Қазір жұмыс негізінен тек салдарлармен ғана жүргізіледі. Бұл екі жағдайда қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатын еді.

”Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазіргі ахуалды жүйелі түрде түзету үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп инфрақұрылым мен бала құқықтары бұзылуының алдын алу құралдарын құрі бойынша жұмыс істеп жатырмыз”, деп жазды ол.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жағдайды жүйелі түрде түзету мақсатында қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен балалар құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін инфрақұрылым мен құралдарды құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Атап айтқанда:

  1. Отбасымен жұмыс істеуді үйлестіру жөніндегі функцияларды кеңейтіп, заңнамалық түрде Еңбекмині мен әкімдіктердегі Әлеуметтік қорғау басқармаларына бекіту бойынша. Аталмыш басқармалар Отбасын қолдау орталықтары мен мобильді топтар арқылы учаскелік бөлімшелермен қағазбастылықсыз тығыз байланыста жұмыс істеуге, ақпаратқа жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда азаматтарға, отбасыларға, балаларға барлық қажетті бейіндік қызметтер мен басқармаларды (білім беру , денсаулық сақтау және т.б.) тарта отырып, атаулы кешенді көмек ұйымдастыруға тиіс.

Бұл неліктен маңызды?

— қазір әкімдіктерде барлық қажетті қызметтерді тарту арқылы профилактиканы ұйымдастыруға, отбасымен, балалармен уақтылы жұмыс істеуге, бұрын сотталған адамдарды оңалту мен қайта әлеуметтендіруге және т.б. жауапты үйлестіруші басқарма жоқ.

— Заңда медициналық-әлеуметтік есепке алу туралы норма бар, ол көмекке мұқтаж, ҚӨЖ-дағы отбасылар мен балаларды анықтап, оларға көмектесуді ұйымдастыруды көздейді. Алайда, бұған жауапты мемлекеттік орган әлі анықталмағандықтан, аталмыш заң жұмыс істемейді.

  1. Шұғыл көмекке мұқтаж, ҚӨЖ-дағыотбасылар мен балаларды анықтап, көмек ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды заңнамалық тұрғыдан бекітумен (учаскелік полиция, Отбасын қолдау орталықтары мен әкімдік басқармаларының жедел өзара іс-қимылы);
  2. Еліміздің 152 ауданында Отбасын қолдау орталықтарын ашумен. Оларда отбасыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек, учаскелік қызметтермен бірге сүйемелдеу жүргізілетін болады. Қазір мұндай орталықтар 220 ауданның 78-інде ғана бар. Сондай-ақ, қазір жұмыс істеп тұрған орталықтардың да жұмысын реттеу керек.
  3. Балалар да, ересектер де білетін және кез келген уақытта көмек сұрай алатын бірыңғай мемлекеттік анонимді сенім телефонын/байланыс орталығын құрумен (АҚШ-тағы 911 сияқты). Қылмыстарды тергеу кезінде 60% жағдайда баламен, отбасында не болып жатқанын естіген/білген, бірақ хабарлауға қорыққан не араласқысы келмеген адамдардың болғаны анықталады. Әрине, жағдайлар мен хабарламалардың бәрін мемлекеттік органдар тексеруі керек. Жалған қоңыраулар да болады. Бірақ тағы бір рет тексеріп, қажет болған жағдайда бақылауға алу немесе көмек көрсету артық болмас.
  4. Электрондық әлеуметтік картаны ІІО қызметкерлеріне әкімдіктің жауапты құрылымдарының назарына мұқтаж ҚӨЖ-дағы балалардың, отбасылардың жағдайы туралы мәліметтерге ақпарат, толықтырулар, түзетулер енгізу мүмкіндігін беру арқылы ҚР ІІМ есепте тұрған қолайсыз отбасылардың интеграцияланған деректер банкімен интеграциялау бойынша.
  5. Заңнамаға балалардың қауіпсіздігі мен жазаның бұлтартпастығы мәселелеріне қатысты өзгерістер пакетімен жұмыс істеп жатырмыз. 30% қылмыс тараптар татуласуымен жабылып жатады, олар кейін ауырырақ қылмыстарға әкеледі. Бұл жұмысты Парламентпен күзде бастаймыз деген үміттемін.

Қыздарды қайтара алудың мүмкін еместігі мен бұл қайғылардың алдын алуға болушы еді деген ой тым ауыр. Мен уәкілетті органдарға уақытында ақпарат беріп, әрекет етуі керек қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтеріп жүгіндім. Қыздардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Жақын арада жоғарыда жазған шешімдерді енгізіп, оң өзгерістерді көре аламыз деген үміттемін”, деді.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер қос бірдей отбасыға баспана тарту етті

Бүгін Созақ ауданына қарасты Шолаққорған және Таукент ауылындағы қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

Түркістан облысындағы  11 елді мекен ауыз сумен қамтылады

Түркістан облысы әкімдігінде өңірді ауыз сумен қамту жұмыстары, осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланды. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте осы...

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев...

Жастарға тарихтан өнеге көп

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның...

Сен оралман емессің, бауырымсың!

Олардың туған Отанына оралған күннен бастап азан шақырып қойған есімі ұмытылды. «Оралман» деген атауға ие болды. Сол «оралмандардың» біразы...

Олар кешірімге лайық па?

Көршім көшеге кішкентай қызын қараусыз жіберген сайын бойымды үрей билейді. Бұл бәлкім, әлеуметтік желіден түрлі қылмыстардың белең алып кеткені,...

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

Тағы да