Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысындағы  11 елді мекен ауыз сумен қамтылады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімдігінде өңірді ауыз сумен қамту жұмыстары, осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланды. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте осы сала бойынша әр аудан, қала әкімдіктеріндегі кемшіліктер айтылып, барлық жоба мен жоспар кеңінен талданды. – Біз үшін өңірді дамытудағы ең бірінші басымдық – елді сапалы ауыз сумен қамту. Таза ауыз су – ұлт денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан осы саладағы мәселелер терең талданып, тиісті ұсыныстар айтылсын. Мемлекет тарапынан қаржыландырылып жатқан әрбір жоба қатаң бақыланып, қадағалау жүргізілуі керек, – деді Дархан Сатыбалды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай аймақты ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде ауыз су беру қызметімен айналысатын 32 кәсіпорын бар. 2022 жылы 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 18,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 13 нысанды биыл тапсырып, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 42 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен су құбыры мүлдем жоқ 11 елді мекен (Сарыағаш-3, Қазығұрт-2, Ордабасы-6) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 4 елді мекеннің (Жетісай-2, Ордабасы-1, Түлкібас-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Биыл Жетісай, Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт, Келес ауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың барысына басқарма мамандарымен арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бақылауға алынған. Аталған мәселені шешу мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес, тозығы жеткен су құбырлары кезең-кезеңімен қайта жаңартылады. Жиынды түйіндеген облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне ауыз су мәселесін назарда ұстау, ауыз судың жер асты қорларын барлау, жобалық-сметалық құжаттар мен су нысандарының құрылысын сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.

 

Жаңалықтар тізбесі

Мақта сапасы мен өнім көлемін арттыруға күш салынады

Мақтаға қатысты мәселе шешілуі мүмкін. Мақта кластеріне инвестиция тартуға күш салынады. Түркістан облысында туындаған мақта бағасына қатысты мәселені шешу...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сайрам ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің маневрлік...

Түлкібас ауданында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бастау алды

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін...

Түркістан облысында жастарды кітап оқуға үгіттейтін ерекше жоба басталды

Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» басталды. Байқау аясында...

Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы Стамбұлда өтеді

Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) 25-30 сәуірде Стамбұлда өтеді. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастыратын симпозиум Стамбұлдағы...

Әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толды

Күні кеше ауданымызда Қарттар күніне және ауданымызда әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толуына орай, ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық ардагерлер кеңесі...

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің 2023 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық жоспарына сәйкес, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сонымен қатар...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ БРЕНДТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КҮШ САЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

  Өңірлік бренд қалыптастырудың еліміз үшін маңызы зор. Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған «Әкім гранты» жобасы бойынша қолдау...

Түркістанда «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті

Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті. Форум аясында...

Тағы да