Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев айтты.

Спикердің сөзінше, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқығын қорғау полиция қызметкерлерінің күн тәртібінен түспек емес. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс шаралары өткізіледі.

– Жыл басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 142 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 3 402 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 68 мекеме иесіне Әкімшілік кодекстің 132-бабымен хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 329 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 243 отбасы есепке алынды. Ал жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстар 2 пайызға төмендеді. Ата-аналарға айтарым, демалыс кезінде балаларыңыздың қайда жүргенін қадағалап, түнгі уақытта өз беттерінше үйден тыс жерлерде болуына жол бермеңіздер. Себебі, осы уақытта балаларыңыз қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін, — деді Бағланбек Есембекұлы.

Брифингте Жергілікті полиция басқармасының бастығы Асылхан Төреханов өңірдегі 17 жазғы лагерьге полиция қызметкерлері бекітілгенін, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілікке түсетінін жеткізді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Осы бағытта полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал тыйым салынған жерлерде шомылу деректері анықталған жағдайда, Әкімшілік кодексінің 364-бабымен жауапкершілікке тартылады. Сондықтан балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі толық сақталуы үшін ата-ана, қоғам, тиісті мекеме қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, алдын алу шараларын қабылдауы керек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

«Ойлы болсаң, озып көр!»

Түркістанда шахматтан «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» жарысы өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанатында «Шахмат әліппесі»...

«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы болып өтті

Бүгін мәдениет үйінде "Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі" атты ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, аудандық адами...

Президент сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталды

      Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстанда Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кеше...

Мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы» жарысы өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17-20 қараша күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік шатқалындағы туристік...

«Қалың қалай бастауыш ұйым?»

«Қалың қалай бастауыш ұйым?». Осындай атаумен «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен және...

Жастарға  өнеге – қайырымдылықтан, уақытты игілікке арнаудан басталады.

Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және...

ЖАСТАР ЕЛ ТАҒДЫРЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙДЫ

Ел Президентінің сайлауына дейін екі аптадан аса уақыт бар. Бұл аралықта республика тұрғындары таңдау жасап, үміткерлердің жобасымен танысуы тиіс....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ БАРДЫ

Қостанай облысына Түркістан өңірінен арнайы делегация аттанды. Мақсат – теріскейге қоныстанған отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысу, көшті үдете түсу үшін насихат...

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы балаларға сергектік сыйлады

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер судағы қызықты сәттерсіз елестете...

Тағы да