
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
Жыл өткен сайын еріктілерге ерекше көзқарас қалыптасуда. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген волонтерлық ұйым жұмыс істейді. «Ерікті болғаннан кейін әр іс шараға қатысуға тырысамын. Осы уақытқа дейін өте көп қызықты іс шаралар болды. Ал ерікті болудың қандай артықшылықтары бар дегенімізде: «Кез келген жобада жүргендегі ойым «әлемді мейірім құтқарады». Бос уақытыңды тиімді пайдаланып, жобаларды жүзеге асырып жүргенің – үлкен тәжірибе. Бұл жерде алар тәжірибем үлкен өмірге нық қадам басуға бірден бір көпір десем де болады», дейді Арнұр.
Арнұр алғаш рет ерікті ретінде Түркістанда болған іс-шарада балаларға тәтті таратып, көңілін аулады. Сол сәттен бастап «болашақта балаларды қуантатын көптеген шараларға бастамашы болсам» деген мақсат қойды. Тағы бір игі мақсат – балалар үйіндегі балалардың бақытына себеп болу. Ерікті болу – ерлікпен тең. Сөз соңында айтарымыз еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ. Еріктілер бастаған түрлі марафондар, қайырымдылық акциялары осының бңр дәлелі. «Қайырымды істер» марафоны аясында қандай қадамдар қамтылып отыр? Біріншіден, мемлекет пен бизнестің, еріктілердің әрі азаматтардың ынтымақтастығы мен серіктестігінің қолдауын білдіреді. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
