Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастарға тарихтан өнеге көп

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның өмірімен бірге танысайық. —Қазақстан мәдениеті мен тарихының архитектуралық ескерткіші болып саналатын Ибраһим ата кесенесі сәулет өнерінің ерекше туындысы. Ерте заманда Испиджаб аталаған,қазіргі Түркістан облысындағы Сайрам ауданының солтүстік-батыс шетіндегі биік төбеде, Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан

Кесене иесі – Оңтүстік Қазақстан жерінде сопылық ілімді таратқан, әулиелік, бақсылық қасиеттері, табиғаттан берілген тылсым күштері үшін халық табынған тұлға. Орта ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының біріне айналған көне Сайрамда көптеген діни ғұламалар, ұстаздар пайда болған еді. Солардың бірі – атақты Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим ата мыңдаған мүриттерге ұстаздық қылған. Діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, әрі табысты жер өңдеуші еді. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы түрлі аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады. Күмбез Ибраһим атаның қабірі үстіне салынған. Күмбез мазарлардың көнеден сақталып қалған ескерткіштерінің бірі болып табылады. Алғашында кесене XVI-XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта тұрғызылды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлап, қайта қалпына келтірілген. Күмбез құлап қайта қалпына келтірілген кезде кесене төбесі ақ жапырақты қаңылтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Тектік қасиеттің күштілігін қоғам үшін саналы ғұмырын арнаған әкелі-балалы қос әулие тұлғалары арқылы тануға болады. Ибраһим атаның бойында әулиелік, көріпкелдік, емшілік қасиеттері болған. Кесене киелі жер ретінде халықтың түпкі мәдениетінің ерекшелігін, уақыт пен кеңістіктегі дәстүрлі қазақ мәдениетінің көрінісін баяндайды.Халық арасында рухани азық беретін, арман-тілектерді қабыл ететін, адасқанға жол көрсететін, қаңғырғанға пана болатын, ауруды емдейтін, тынысты кеңейтетін қасиетті, киелі, әулиелі жер болып саналады. -Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адамы болса, анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды әрі аяулы адам болған екен. Ясауи Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Оны сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі тапқан. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Ясауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген. Қазіргі таңда Ибраһим атаның кесенесіне зиярат ету үшін ат басын бұратындар аз емес. Қ.А.Яссауидің әкесі Ибраһим ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ол өзінің ұстазы Мұса шайхтың қызы Айшаға (Карашаш) үйленіп, Гауһар шахназ атты қыз бен одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің шешесі жастай дүние салады, әкесі де жеті жасында қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан баб екен. ҚА.Яссауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент маңында жерленген, екіншісі ел әңгімесі бойынша Түркістанда суға таласып сарттар қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты Жамал, екіншісінің аты Гауһар. Соңғысының күйеуі — Әли Қожа. Осылардан тараған Яссауи әулеті екі жүзге жетсе керек. Өздерін «қожамыз» деген әулетпен ғана қыз алысатын болған екен… Қасиетті атаның диқаншылық кәсібі де болған. Сонымен қатар, ел ішінде оның әулиелік, көріпкелдік кереметтері туралы аңыздар таралған. Қасиетті бабамыздың шығу тарихы, арғы тегі туралы шежіре жазбалары Сайрам мұражайына қойылған. Хәкім ата деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны,Машайықтар ұлығыШайқым Қожа Ахмет Ясауи, – деп жырлаған екен.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

«Жасөспірім және заң» тақырыбында ата-аналармен кездесу жалғасуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тарапынан берілген тапсырмаға және кестеге сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков...

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл...

Нафиса Раметова: «Жайлы баспана мен жақсы жалақыға қол жеткіздім»

Кең-байтақ жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-орынды, ал халқының саны бойынша 64-орынды енші­леп отырған Қазақстан үшін демография мәселесі мен...

Тәрбиешілердің жалақысы көбейеді

Түркістан облысы бойынша бүгінде 1372 балабақша жұмыс істеп тұр. Онда 1-6 жастағы 155 058 бүлдіршін тәрбиеленуде. Облыстағы мектепке дейінгі білім...

Балаларға арналған әлемдегі жалғыз ойын алаңы Стамбұлда

Стамбұлдың әртүрлі бағыттағы мұражайлары балалардың мәдениет, өнер, технология және тарих туралы білімдерін кеңейтіп, бүкіл отбасы үшін қызықты сәттерді сыйлайды....

“МЕДЕУДЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” БАСТАЛДЫ

Алматыда «Медеу» биік тау мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі қайта өтуде!   Дрон шоуымен аяқталған...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Шаһардағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға облыс...

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

ТҮРКІСТАН: БАСШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА КӘСІПКЕРЛІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР АЛУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына...

Тағы да