Понедельник, 20 апреля, 2026

Бала қауіпсіздігі отбасы құндылықтарының басты өлшемі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен қоғамдық ұйымдар, орталық және жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасауға бағытталған.

– Бүгінгі алқалы жиынның Түркістан топырағында өтуінің өзіндік символдық мәні бар. Бұл өңір – ұлы дала өркениетінің бесігі, тамыры терең тарихымыздың, берік дәстүріміздің қасиетті ордасы. Мемлекет басшысы киелі өңірде өткен Ұлттық құрылтайда ұрпақ тәрбиесі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлімжеттік, отбасы құндылықтарын сақтау мәселелерін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Дидары өзгерген дүниеде қазақ қоғамын ілгері жетелейтін осы көкөрім жастар, заманның көшінен қалмай келе жатқан өскелең ұрпақ деп білеміз. Алайда, соңғы уақыттағы келеңсіз жағдайлар қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Қоғамдағы стигматизация, осындай фактілердің жылы жабылуы, ашық айтылмауына байланысты ресми дерек пен шынайы көрсеткіштің арасы алшақ болуы да ықтимал. Көптеген қылмыстық іс ашылмаған күйі қалады. Нақты дерек-дәйек анық болмаған соң, мәселемен күресудің механизмдері де тиімді болмайтынын ескеруіміз керек. Отбасы институты, бала қауіпсіздігі, қоғам құндылығы, адамның өмірі мен бостандығы, заң мен тәртіп тұрғысынан әлі де тереңінен қаузайтын түйткілді мәселе көп екенін көріп отырсыздар. Өңірлер бойынша айтар болсақ, осы жарты жылдың ішінде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыстың көбі Жамбыл, Павлодар, Атырау, Алматы, Қызылорда облыстарында болған. Зерттеулер балаларға зорлық-зомбылық көрсететін қылмыскердің портретін де жасап берді. Қазақстандағы бүлдіршіндерге қатыгездікпен жәбір көрсеткендер, ең алдымен өздері танитын, жақын араласатын адамдар екені анықталған. Биыл «Балалар мәселесін БАҚ-та қалай қауіпсіз жариялауға болады» деген тақырыпта практикалық нұсқаулықты жариялады. Балалар тақырыбы туралы жазғанда да ақпарат алаңында өте мұқият болғанымыз жөн, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Министрдің мәлімдеуінше, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы отбасын қолдау орталықтары қызметімен онша таныс емес. Зерттеу нәтижесі бұл өңірлерде отбасын қолдау орталықтарының тиімділігін арттыру қажет екенін көрсетті. Өңірдегі әр орталықтың қызметі туралы халық хабардар болса, зорлық-зомбылықтың алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Отбасын қолдау орталықтары балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуге тиіс.

Ал, Түркістан облысында балалардың құқығын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс жүргізетін ҮЕҰ-лар үшін жергілікті бюджеттен 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Басқосуда сөз алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, облыста 400 мыңнан астам отбасыда 900 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала бар. Бұл дегеніміз – республиканың әрбір жетінші мектебі мен жетінші оқушысы Түркістан облысында тұрады деген сөз. Өңірде 1000 мектепте 515 мың оқушы, 1300-ден астам балабақшада 160 мыңға жуық бүлдіршін бар. Арнайы есепке алу органының ресми дерегіне сәйкес, өткен жылы балаларға қатысты жасалған қылмыс 2021 жылмен салыстырғанда 21-ге азайған. Осы бағытта балалардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігі және отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты бақылау назарда тұр.

– Әр баланың өмірі біз үшін қымбат. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатыгездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын

алу – әлеуметтік мәні бар және қоғамдағы өткір мәселелердің бірі. Ең бастысы, облыста әкімдік, прокуратура, полиция департаментімен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық жұмыс жүйесі қалыптасқан. Сонымен қатар жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасыларда жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зерттеу қажеттілігі туындауда. Әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы» Түркістан қаласында ашылып, психологиялық, құқықтық жәрдем берілуде.

Сондай-ақ, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешуге көмек берілуде. Осы бағыттағы жұмыстар үнемі назарымызда және саналы, салауатты ұрпақ өсіруге бастайтын жол  ол тұтас қоғамның бірлескен күш жігерімен айқындалады.Осы орайда «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізуге бастамашыл болған азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді Дархан Сатыбалды.

Бұдан бөлек, осал топтардағы отбасыларды және жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 72 129 адам жұмыспен қамтылды (оның ішінде әйелдер – 51%). «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Бизнес-Бастау» жобалары негізінде 28 758 азамат жұмысқа тұрды.

2022 жылдан бастап облыста (облыс әкімдігі, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту басқармалары, полиция департаменті, сот сараптама институты, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы және «Сенім-ай» қоғамдық бірлестігінің «Көмек» дағдарыс орталығымен» бірлесіп) зорлық-зомбылық құрбандарына жедел түрде психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.

Сарапшылардың пікірінше, балаларға қатысты орын алатын зорлық-зомбылық, суицидтік мінез-құлықтың 64%-ы ата-ана мен бала қарым-қатынасынан, 20%-ы психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтан, 16%-ы жалғыздық сезімі, қарым-қатынасты бұзу, өзін-өзі бағалаудың төмендігінен орын алады екен.

2019 жылдан бастап білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған, мектептегі бес маманның (психолог, сынып жетекші, әлеуметтік педагог, медбике, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторы) жұмысын қамтитын ауқымды «Бестерек» жобасы енгізілген.

Қазіргі таңда «Бестерек» жобасы республика көлемінде таратылған. Осы жобаны одан әрі жалғастыру және аталған проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 97 млн. теңге бөлінді. Аталған жобалар үш бағытта жұмыс жүргізетін болады.

Біріншісі, білім ұйымдарының педагог-психологтарының біліктілігін арттыру;

Екіншісі, тәуелсіз сарапшылар мен тәжірибелі психолог мамандардың балалар мен ата-аналарға арналған тренингтер өткізу, жеке кеңестер беру.

Үшіншісі, ведомствоаралық іс-әрекетті күшейту бағытында облыс әкімдігі, облыс прокуратурасы және полиция департаментімен бірлескен «Салауатты болашақ» жобасын жүзеге асыру.

Бұл жоба республикада алғаш рет пилоттық ретінде түрлі қиын жағдайға түскен отбасылар мен олардың балаларына қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық іс-әрекеттерді бір ақпараттық жүйеге ендіріп, ведомстволар өз құзіреті шегінде тиісті жедел әрекет ету жұмыстарын жүргізуді көздейді.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. Жиынға қатысушылар отбасы институтын нығайтып, балалардың қауіпсіздігі мен өмірі, ата-ана мен айналасындағы адамдардың жауапкершілігі жайында сөз сөйлеп, пікір қалыптастыруы тиіс.

Бүгінгі іс-шараның нәтижесінде ведомстволар арасындағы іс-қимылды бір жүйеге түсіріп, бірқатар нақты шараларды қамту жоспарланған.

Жаңалықтар тізбесі

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАР САНЫ АРТУДА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте халықтың табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты»...

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жетісайлық 2 мың оқушы...

«Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді

Жақында Қарағанды қаласында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» тақырыбында халықаралық форум өтті....

Жастар саясатының игілігі мол.

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға...

Орталық Азия әйелдері гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселесін талқылады

Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалог алаңында «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция өтті Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің...

«Ақылдым» өз ақылдыларын тапты

Ордабасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар арасында «Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» атты байқау өткізілді. Оны аудандық балалар кітапханасы облыстық...

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта...

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЯЛДАМАЛАРДЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТІП ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да