Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалады.

Төле би ауданындағы «Таугүл» лагерінде жаз басталғалы 530 бала демалса, тағы 360 баланы жіберу жоспарда бар. Одан бөлек, бүгінде «Қуаныш» лагерінде тағы 100 бала демалып жатыр.

Аталмыш демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, республикалық деңгейдегі ерікті психологтар мен мамандар балаларға дәріс өтіп жатыр. Түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылып жатыр.

Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексеріліп, оқушыларға 5 мезгіл тамақ беріледі. Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етеді. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша да түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізіліп жатыр. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер және би кештері ұйымдастырылып отырады.

«Бүгінгі таңда лагерьде балалардың рухани тұрғыда санасын серпілту мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. 5 мезгіл тамақтандыру жолға қойылған. Балалардың жазғы демалысын дұрыс өткізулері – жаңа оқу жылына тың серпін беретіні анық», — дейді Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева.

Одан бөлек, бөлім тарапынан мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьлерде 14 480 оқушы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан- ер түріктің бесігі ғой . М.Жұмабаев 2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас...

Келесте аптаның бір күнін ұлттық ойындарға арнаған балабақша жұмыс істейді

Келес ауданында орналасқан «Балдырған» балабақшасында аптаның әр сәрсенбісі «Ұлттық күн» деп дәріптеліп, сол күні қызметкерлер ұлттық үлгіде киініп, барлық...

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады....

Ордабасы ауданында қыш зауыты іске қосылды.

Ордабасыда қыш зауыты іске қосылды. Ордабасы ауданында жаңа қыш зауыты іске қосылды. Халқы еңбекқор аудан тағы бір кәсіпорынмен толықты....

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

  Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебінде балалар жылы аясында тоғызқұмалақтан федерация кубогін сарапқа салған...

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге...

САУРАН: Кино көрсетілім апталығын 100-ге жуық оқушы тамашалады

«Оңтүстік фильм» мекемесінің «Ұлттық кино» жобасы аясында көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында Сауран ауданынындағы Ибаата елді мекенінде орналасқан...

Тағы да