Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар саясатының игілігі мол.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға тиіс дүние. Бұл тұста жастар саясатының маңызы зор. Тәуелсіздік жылдарына дейін жастарды жеке бір әлеуметтік топ ретінде қарасақ, одан кейін де қоғамдағы жастардың рөлі артпаса, кеміген емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қыз­метіне кіріскен уақыттан бері жас буынды назардан тыс қалдырмады. Елімізде 29 жасқа дейінгі 3,7 млн азамат жас­тар санатында болып есептеледі. Ал әлемдік статистика санағына сай жастар санатын 35 жасқа дейін деп қарайтын болсақ, бұл сан едәуір ар­та­тыны анық, 6 миллионның төңірегінен асып жы­ғы­лады. Жалпы, жастар мәселесіне жалпылама атау бере салғанымызбен, оның  тар­мақтары өте көп. Тегін білімнен бас­тап, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, жас­тардың бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу да күр­делі, жауапкершілікті талап ететін іс. Күрмеуі қиын мәселелер қатарына жастардың мигра­ция­лық көңіл күйі де енеді.

Тәуелсіздік жылдары елімізде жастар сая­са­тына тың серпін беру үшін талай мемле­кет­тік бағдарлама жасақталып, тиісті заңдар қа­был­данғанын білеміз. Солардың ең бастысы са­нал­ған бірқатарын шолып өтсек. 2013 жылғы ақпанда Үкімет 2020 жылға дейін­гі жастар саясаты тұжырымдамасын мақұл­дады. Ал 2015 жылдың ақпан айында «мемлекеттік жас­тар саясаты туралы» тағы бір жаңа заң қабыл­дан­ған. Осы заң аясында жастарды жастар ұйым­дарының, консультативтік органдардың және жас­тардың өзін-өзі басқару органдарының қыз­метіне, білім беру жүйесі мен еңбек ұжымдарына тарту заң жүзінде бекітілді. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымда­масы­ның екінші кезеңін іске асыру басталды. Ал 2018 жылғы 5 қазандағы Президент Жолдауында 2019 жыл  Жастар жылы деп жарияланғаны есімізде.

– Жастар саясаты – елдегі саяси жүйенің ажыра­­­мас маңызды бөлігі. Сондықтан елдегі саяси жүйенің аясынан жастар саясаты шыға алмайды. Кейінгі 10-15 жылдағы жағдайды қарастырсақ, жастар саясатының негізгі екі мақсаты болды. Бі­ріншіден, елдегі жастарды саяси биліктің идео­ло­гиясының аясында жинау. Бұл иерархия түрінде ұйым­дастырылған күш ретінде байқалды. Сол се­бептен еліміздегі жастар ұйымдары мен әр өңір­дегі жастар ресурстық орталықтарының бар­лы­ғы­на мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді, қаржы бө­лінді. Екіншіден, жастар саясатының тағы бір мақ­саты – елдегі басқарушы класты дайындау. Жас­тар саясаты арқылы карьера жасайтын аза­маттар әкімшілік жүйеде қалады да, осы жолмен бас­қа да мемлекеттік органдардан орын тауып жа­тады. Жастар саясаты осындай функция атқа­рып келді. Ал жастар мәселесін олар қалай шеше ала­ды? Бұл екі әлем, себебі жастар дегеніміз – үл­кен әлеуметтік-демографиялық топ. Статистика бойын­ша, елімізде 4 миллионға жуық жас азамат бар. Дегенмен жастар мәселесіне қатысты серпін беру мұнымен тоқтап қалмайтынын аңғарып отыр­мыз. Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жас­тар саясаты туралы» заңды қайта қарап, оның за­манға сай жетілдіруді тапсырғаны белгілі. Әлем­дік трендтерді және қазақ жастары­ның сұранысын ес­кере отырып, жастар саясаты саласындағы мін­дет­тер арта түспек.

Жаңалықтар тізбесі

Президенттік жастар резерві – ел ертеңінің кепілі

Жастық шақ. Бұл – адам баласының ересек өмірге көшу кезеңі, экономикалық-қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу мен әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысуға барынша ынталы...

Түлкібас ауданында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары бастау алды

Дана Ы. Алтынсарин : Маған жақсы мұғалім -бәрінен де, қымбат. Өйткені мұғалім мектептің жүрегі дегенде, болашақтың тәрбиешісі ұстаз екендігін...

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы»...

Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған

Бала - адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Жас сарбаздар – ел қорғаны.

Жас бозбалалар әскери міндетін адал орындап, елге үлес қосуды әркез парыз санайды. Бұл ретте сарбаздар үшін оқу жаттығулар ұйымдастырылып...

Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘКІМДЕР МЕН МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ШЫҚТЫ

Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз –...

ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары 100 балаға қуаныш сыйлады

Түркістан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні түрлі деңгейде аталып өтіп жатыр. Мереке күні мәслихат депутаттарының демеушілігімен түркістандық...

Тағы да