
Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өткізілді. Мәжіліске комиссия мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп жанындағы қамқоршылық кеңестерінің төрағалары, ата-аналар қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың, оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Б.Тастанбековтың баяндамасы тыңдалды.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау, ертежүктілік құқық бұзушылықтардың профилактикасы және суда шомылу маусымындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар туралы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Л.Омарованың және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы А.Абдыкадыровтың баяндамалары тыңдалды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында комиссия төрағасы А.Қозыбаев ата-аналардың баланың тәртібі мен тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тиісті шаралар қабылдау мен олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, жазғы шомылу маусымы басталуына орай адамдар көп шоғырланатын, әсіресе балалар шоғырланып шомылатын аумақтарда ескерту таяқшаларын орнату кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
