Понедельник, 20 апреля, 2026

Балаға отбасының күйрегенін көру – ауыр соққы

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару керек. Статистика көңіл көншітпейді. Соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 878 фактісі және орташа зиян келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Яғни біреудің өмірі мен денсаулығын сақтап қалар едік. Мұны тәжірибе көрсетті. Қоғам сіздерден отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-әрекет күтеді. Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды» деген болатын Президент сол жиында. Мемлекет басшысының айтуынша, көптеген әлеуметтік кеселдің түп-тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. «Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан құқық қорғау органдары адамдардың құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық моделін өзгертуде шешуші рөл атқара алады және атқаруы қажет» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша әлемде 275 миллионға жуық бала отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді екен. Бұл сан тек болжам ғана, нақты деректерді ешкім білмейді. Өйткені, зорлық-зомбылық туралы құқық қорғау органдарына үнемі хабарлана бермейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қысқа және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін. Тұрақты қорқыныш пен мазасыздық, өзін кінәлі сезіну сезімі, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, мектептегі нашар үлгерім, депрессия, агрессивті мінез-құлық, отбасылық қарым-қатынастағы проблемалар қысқа мерзімді қамтыса, ұзақ мерзімді салдары денсаулыққа ғана емес, физикалық күш-қуатқа да әсер етеді. Балалық шағында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарда жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, қант диабеті және басқа да аурулардың даму қаупі басқалардан жоғары болады.

Сонымен қатар, мұндай балалар өскенде жаман қарым-қатынасқа бейім болып келеді. ЮНИСЕФ-тің зерттеуі көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған балалардың шамамен 40 пайызы ересек кезінде одан құтыла алмайтын көрінеді. Олар көргенін өздері жасағысы келеді. Өйткені, олар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс емес, отбасылық жанжалдарды шешу тәсілі деп санайды. Басқаша айтқанда, бала есейгенде, ата- аналарының бірінің мінезін қайталайды.

Елімізде балалар көбінесе үйде, мектепте және басқа да жерлерде зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады. Алайда, бүгінге дейін қоғам бұл мәселеге аса ықыласты бола қойған жоқ. Балалар да ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және азаматтық абыройын сақтау құқықтарына ие. Сондай-ақ, адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық құжаттарда көзделген заң тұрғысынан келгенде де олар ересектермен бірдей  қорғалуы керек.

Бала үшін ата-анасының үйі ең қауіпсіз жер бола бермейтіндігін айғақтайтын фактілер күнделікті өмірде жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету деректері мен статистикалық мәліметтердің жетіспеушілік проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Себебі, мәселенің түп-төркіні тереңде. Ал, біздің қолымыздағы зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.

Балаларға, соның ішінде кішкентай бүлдіршіндерге отбасыда зорлық-зомбылықтың көрсетілуі үйреншікті жағдай болғандықтан, ересектер әдетте мұндайға аса мән бермейді. Керісінше, балаларға тек сыртта жүргенде ғана бөгде адамдар тарапынан қауіп-қатер төнеді деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Балалар отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалуға құқығы бар құқық субъектісі емес, ата-анасының меншігі сияқты болып кеткен. Қазіргі уақытта балаларға қатыгездік көрсету және абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының, өзге қамқоршыларының жазалауы қоғамда түрлі пікірлер тудыруда.

Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына да әсері ерекше. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың денсаулығына, оның дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетін менсінбей, оған дөрекі қарау, оны қорлауға немесе қанауға жол берілмеуі тиіс. Егер отбасыда алдымен қолайлы жағдай болып, кейін қандай да бір жайсыз оқиға болса, мысалы, жақын адамының қайтыс болуы, жұмысынан айрылу сынды жағдайлар туындағанда, ересектер өз проблемаларын балаларды араластыра отырып шеше бастайды. Бұл бала үшін ауыр психологиялық жарақатқа айналады. Себебі, оған бір кездері бақытты болған отбасының күйрегенін көру өте қиынға соғады.

ЮНИСЕФ-тің зерттеулері отбасылық зорлық-зомбылық баланы жарақаттап қана қоймай, психикасының бұзылуына және депрессияға әкелуі мүмкін екенін дәлелдейді. Сондықтан балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, себебі, олар ондай жағдайларды далада немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Қылмыстың ішіндегі ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда ол туралы полицияға хабарланбайды, себебі, оны білместік деп түсінеді немесе бойын ертеңгі өміріне, абырой-беделіне нұқсан келе ме деген қорқыныш билейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға толыққанды өмір сүру үшін маманның көмегі мен қолдауы аса қажет.

Түркістан облысындағы жағдайға келсек, 2023 жылдың алты айында балаларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтар саны 111-ді құрады. Оның ішінде адам өлтіру, абайсызда қазаға ұшыратуға қатысты бір-бір фактіден тіркелсе, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 8 дерек анықталды. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша – 4, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша 4 дерек тіркелген. Зорлауға қатысты 8 факті анықталса, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттердің 15, дәл сол шамада он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер анықталған. Оған жас балаларды азғындық жолға түсірудің 5 дерегін қосыңыз.

Жалпы, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының көпшілігі әкімшілік істерге жатады. Содан да болар, зорлық-зомбылық жасайтындардың басым көпшілігі жауапкершіліктен бас тартады. Шілде айының бірінен бастап полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан жазбаша өтінішті күтуді тоқтатып, әкімшілік істерді өз бетінше жүргізе бастады. Отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді. Президент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске енгізілген түзетулерге 2023 жылдың 20 сәуірінде қол қойды.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің ең басты құндылықтары десек, зорлық-зомбылықтың алдын алу – әр адамның азаматтық борышы. Ешкім біреудің бақытсыздығына бей-жай қарамауы керек. «Әрбір отбасы шағын мемлекет» екенін ескере отырып, осы шағын мемлекеттерден құралатын Қазақстан атты еліміздің болашағы жарқын болсын десек, балалардың бақытты ғұмыр кешуін қамтамасыз ете білуіміз керек.

Наталья ҚОЖАБЕКОВА,

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі.

Жаңалықтар тізбесі

Безбүйрек балалар қайдан шығады?

Өзіңді дүниеге әкелген ата-анаңды сыйлау – әрбір перзенттің қастерлі парызы. Ал ата-ана үшін қартайғанында балаларының кейіп сөйлеуі немесе тікбақайланып...

Президент балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді талап етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың Қазақстанда қауіпсіз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан...

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды.

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды. Тарихтан өнеге көп. Біздің бүгінгі тақырып - Қожа Ахмет Ясауидің анасы...

Түркістандық делегация тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облысының шаруаларымен кездесті.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері Жамбыл облысына барды. Мақсат – шаруаларға жеңілдетілген...

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ САЯБАҚ АУМАҒЫНА 1200 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған. Жоспарға...

Ана мен бала құқығын қорғау демографияға оң әсер етеді

Кез келген елдің демографиялық жағдайы ішкі саясаты мен оның экономикасына тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер экономикалық, қорғаныс жағынан...

Арыста спорт алаңшасы ашылды

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінде 2,5 мың шаршы метр аумақты құрайтын спорт және балалар алаңшасы...

Тағы да