Воскресенье, 19 апреля, 2026

Президент балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді талап етті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың Қазақстанда қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруі барынша қамтамасыз етілуі тиіс.

«Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты», деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі екені белгілі. Ел азаматтарының орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар.

«Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз», деді Қазақстан Президенті.

Жиын барысында Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», деп қадап айтты Президент.

Жаңалықтар тізбесі

Күшіміз бірлікте: Halyk Bank басқа екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмектесуде

Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде. Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы...

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Аудан әкімі ардақты аналарға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қоғам өміріне белсене араласып жүрген бір топ ардақты аналар...

ТҮРКІСТАН: МИНИСТР САУРАНДАҒЫ СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының төрт елдімекеніне барып, су басу...

ТҮРКІСТАН: Бала қауіпсіздігін қорғау жұмыстары бақылауда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткеніне алаңдайтынын білдірген болатын. «Тағы бір назар аударатын...

Түлкібаста «Әже — ұлт ұйытқысы» атты облыстық іс-шара ұйымдастырылды

Әжелер мектебіне -10 жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық "Әже-ұлт ұйытқысы" тақырыбында іс-шарасы...

5 желтоқсан – Дүниежүзілік түрік кофесі күні

  Түрік кофесі үйлерді, кеңселерді, кафелерді және ең соңында көшелерді толтыратын керемет хош иісімен түрік дәстүрлерінің ажырамас бөлігі және Түркияға...

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда!

Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі...

ТУРКЕСТАН: ДОЛЖНА БЫТЬ УСИЛЕНА РАБОТА ПО РАЗВИТИЮ КЕНТАУ

Необходимо активизировать работу по развитию города Кентау и реализовать новые проекты. В частности, время требует повышения производственного потенциала города. Аким...

Тағы да