Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жастар тарихын біліп, танып өссе ұлттық рухымыз жоғалмайды. Тарихтан өнеге көп. Біздің бүгінгі тақырып — Қожа Ахмет Ясауидің анасы Қарашаш ана жайында болмақ. Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған. Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі  ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр.

Аңыздар бойынша Қарашаш ана сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ел арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Қарашаш ана сол заманда ел арасында нағыз ананың идеалына айналған. Сондықтан оны бүкіл түркі әлемі ардақ тұтқан. Ислам дінінің негіздерін, Құранды жатқа біліп, оны жұрт арасында тарата білген. Айшаның иманды да әдепті, кісілікті мінез-құлқына байланысты жұрт құрметтеп, «Қарашаш ана» деп атап кеткен. Жиренше шешен туралы қазақ аңыздарында оның зайыбының есімі де Қарашаш. Қарашаш көркіне ақылы сай, әйел затының сұлтаны, алтын көрсе жолдан таймайтын, патша қызықса да ерін сатпаған, құдай қосқан күйеуіне адал нағыз асыл жар болып сипатталады. Қарашаш ана ұлы Ахметті Отырардағы ұлы діни мистик, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) ізбасары Арыстанбабқа тәрбиелеуге жібергеннен кейін қайтыс болады. Аңызға сәйкес, оның Сайрамдағы зиратының басына салынған күмбезде бір тал қара шашы ілулі тұрған көрінеді. Кейін шаш жойылып кеткен екен.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: 72 жастағы ақсақал туған жеріне спорт алаңшасын тарту етті

Отырар ауданында 72 жастағы ақсақал, ел жанашыры Дүйсенбек Божаевтың демеушілігімен балаларға арналған ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Іс-шараға аудан...

Қазақстанға халық санының өсуі несімен маңызды – демограф пікірі

14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да туған бес бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары атанды. Әрине, бұл қазақ халқы үшін...

САЙРАМ: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауданда қайырымды іс-шаралар өтуде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің...

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт...

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынады

«Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынады. Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының сәулеттік-көркемдік келбетін әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған...

«Жақсының жақсылығын айт»

Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Жастардың кәсіпкерлікті меңгеруі еңбек пен талапта.

"Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін". Иә, мүмкіндігі молайып,  күн сайын даму  үстіндегі  бүгінгі заманда  бизнеске қадам басып жатқан...

Түлкібас ауданында 20 миллионыншы тұрғын есебін бастаушы нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді

Өздеріңізге белгілі жуырда елімізде тарихи оқиға тіркелді. Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті. Қуанышты сәттен Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов...

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта ауыл тұрғындары жалғызбасты қарияға баспана сыйлады

Қазығұрт ауданына қарасты Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінің тұрғыны жалғызбасты қарияға ауыл тұрғындары баспана сыйлады. Игі істі рабаттық...

Тағы да