Воскресенье, 19 апреля, 2026

Безбүйрек балалар қайдан шығады?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Өзіңді дүниеге әкелген ата-анаңды сыйлау – әрбір перзенттің қастерлі парызы. Ал ата-ана үшін қартайғанында балаларының кейіп сөйлеуі немесе тікбақайланып бетінен алуы, әкесінің не шешесінің тілін алмай қарсы шығуы да жиі ұшырасып қалып жүр. Қасиетті Құранда мұндай істен бізді қайтаратын сүре бар. «Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып), тіпті «туһ» деп те кеюші болма, сондай-ақ Оларға тек көркем сөз сөйле» («Исра» сүресі, 23-аят) деп ескертеді. Ал мұны перзенттер қалай орындап жүр?

Адам ет пен сүйектен жаралған соң оның да шаршайтын, көңіл-күйі болмайтын кездері болады. Қам сүт емген пендеде көркемдікпен қатар кемшілік те қатар жүреді. Шаршап не көңілдегісі болмай тұрғанда қай ата-ана бұзақылық жасаған баласына ұрсуы, тіпті қатты да айтып тастауы мүмкін. Мұндайда перзенті қарсылық танытып, өзінің есейіп қалғанын алға тартып жатады. Біздің сүйікті пайғамбарымыздан сахабалары «Айтыңызшы, я Расулалла! Үлкен күнәлардың ең ауыры қайсысы?» деп сұрапты. Сонда пайғамбарымыз «Ата-анаға қарсы шығу» деп жауап берген екен.

Иә, бүгінде қасиетті дініміз сан тарауға бөлініп, адамдардың кейбірі адасып жүр. Бірақ қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың хадистері тұнып тұрған тәрбие, өмір жолы. Әке-шешесін сыйлай алмаған перзент өзгелерді құрметтей ала ма? Әрине, жоқ. Әке-шешесін сыйламайтын перзентті басқалар да үлгі тұтпайды.

Өмірде не кездеспейді дейсіз? Жуырда бір жағдайды естіп, жағамды ұстадым. Дәулетті бір кәсіпкер (көпшілікке танымал азамат) қартайған шешесін қарттар үйіне өткізіп жіберіпті. Өзі шешесін іздеп қарттар үйіне бірде-бір рет бармаған көрінеді. Қарттар үйіне келушілер әлгі кейуанадан «әже, балаларыңыз бақуатты ғой, неге мұнда жатырсыз? Сізге бір бөлме бұйырмады ма?» деп сұраса, «балам-ау, ол үйде маған орын жоқ. Баламнан бастап келінім, немерелерім мені көзге шыққан сүйелдей көреді. Ол үйде мен не істеймін?» депті. Иә, анасын бақуатты кезінде пайдаланып, бойынан әл-қуат кеткенде, түкке де керегі жоқ етіп тастайтын осындай перзенттерден сақтасын.

Осыны естіп, көпке дейін күйзелісте жүрдім. Өзіңді өмірге әкелген, бағып-қаққан әке-шешемізді төбемізге көтерсек болмас па? Мына алмағайып заманда жастардың тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді олардың бойына терең сіңіріп отыру керек-ақ.

Безбүйрек балалар қайдан шығады? Меніңше, тәрбиенің таяздығынан шығады. «Қайтсем, бала-шағамды асыраймын?» деп күні-түні жұмыста жүретін ата-аналардың перзент тәрбиесіне жіті көңіл бөле алмайтыны да рас. Сондықтан мемлекет болып, ата-аналар, оқу орындары жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін кез келді.

«Бала – болашағымыз!» десек, тәрбие жұмысын бүгіннен бастайық.

Нұрқасым ОМАРБЕКОВ

 

Жаңалықтар тізбесі

Жол картасының негізгі көрсеткіштері «Nur Otan» партиясының бақылауында

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады

16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне...

ТҮРКІСТАН: АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАЛАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасы негізінде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында өңірдегі медициналық мекемелерді жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

КЕЛЕСТІК АҒАЙЫНДЫ ШАРУАЛАР ГҮЛДІҢ 50 ТҮРІН ӨСІРЕДІ

Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округінде тұратын ағайынды Хуршид пен Бақберген Исраиловтар бөлме және дала гүлдерінің 50-ге түрін өсіреді....

Жастарға тарихтан өнеге көп

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның...

Сауран ауданында жастар форумы өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Сауран ауданының әкімдігі, Сауран аудандық полиция бөлімі және Сауран ауданының білім...

Сабақ беру тәсілдері заманауи цифрландыру жүйесімен қамтылған мектеп

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Жалынды жастар — ұлт ертеңі

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында...

Тағы да