Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық делегация тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облысының шаруаларымен кездесті.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері Жамбыл облысына барды. Мақсат – шаруаларға жеңілдетілген несие беру арқылы жүзеге асқан «ауыл тұрғындарының табысын арттыру» жобасы бойынша тәжірибе алмасу. 2019 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында үйіргелік аумақтарды игеру арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытып, «ауыл тұрғындарының табысын арттыру» жобасы сәтті жүзеге асқан болатын. Түркістандық делегация бірнеше шаруа қожалығы мен копперативтерін аралап, тәжірибе алмасты. Пилоттық жобаның артықшылықтары мен тиімді тұстарын анықтап, жүзеге асыру жолдары бойынша кеңес алды. Аталған жоба Жамбыл облысында іске асқан уақытта халықтың жұмыспен қамтылуы өсіп, жобаға қатысқан адамдардың табысы 2 есеге артқан, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайып, 11 ауылдағы кәсіпкерлер саны 3 есеге көбейген. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп, Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан-етін. 2021 жылы Үкімет басшысымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жобаны басқа өңірлерде кеңінен қолдану үшін жол картасын әзірлеу тапсырылып, жобаны республика көлемінде жүзеге асыру жұмыстары басталуда. Аталған жобаны Түркістан облысында іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 20,5 млрд. теңге қаржы бағытталуда. Бұл қаржы жоба қатысушыларына жылдық 2,5% мөлшерлемемен қолжетімді несиелендіру шарттары арқылы беріледі деп көзделіп отыр. Кредит пен микрокредит мерзімі: 5 жылға дейін; мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Несие сомасы 2,5 мың АЕК. Қазіргі таңда облыста пилоттық жобаға қатысатын әр ауданнан бір ауылдық округ таңдалып, алғашқы 16 ауылдық округ анықталды. Ондағы халық саны 185 436 адамды құрайды. Несиелендіруді ет, сүт, жеміс-көкөніс өңдеу, балық өсіру және тері, жүн өңдеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделуде. Несиелендіру жұмыстарына сенім білдірілген агент ретінде «Түркістан» ӘКК» АҚ анықталды.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

Аудан көлемінде «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 15-30 мамыр аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз...

Pokemon GO’s new feature lets players snap a picture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Түлкібаста RC Сola шығарылады

  Түлкібаста RC Сola  және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал,...

Бақылау жұмыстары жүргізілді

  Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған...

Зорлық-зомбылықтың және жат қылықтардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 22.09. күні, Түлкібас ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы және Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің психолог маманы...

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АШЫҚ АЛАҢДАРДА ТЕГІН ЖАТТЫҒУ САҒАТТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Облыс орталығы – Түркістан қаласында халық арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Балалар үшін спорттық...

ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» танымдық...

Sony’s PlayStation TV Could Be a Busy Little Gadget

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Елдің қамын ойлайтын халық қалаулысы

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

Тағы да