
Түркістан облысы полиция департаменті Созақ аудандық полиция бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова «Зорлық-зомбылықтың алдын — алу бойынша» жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасы шығарылды.
Айта кетейік қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Жыл басынан әйелдерге қарсы күш қолдану бойынша 5 жәйт тіркелсе, 39 қорғау нұсқамалары шығарылып, 10 ерекше талап белгіленгені болып табылады.
Созақ аудандық полиция бөлімі тұрғындарға қандай да бір құқықбұзушылық дерегі орын алған жағдайда бірден полицияға хабар беру керектігін ескертеді.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жұмысы мен акция мақсатын түсіндіріп, сенім телефондары жазылған брошюралар таратылады. Отбасында заңды некедегі жолдасы алкогольді өнімді шектен тыс пайдаланып, отбасына маза бермей, үйінен қуып жіберген кезде, баратын жері болмай қалған жағдайдаполиция қызметкерлеріне хабарлама берген азаматшаларға Дағдарыс орталықтарына орналастыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізіледі.
Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауынын алдын алу мақсатында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселері бойынша халықты хабардар ету үшін профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, санитарлық режимді сақтай отырып кездесулер жиналыстар ұйымдастырылуда.
