Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Низамабад елді мекеніндегі «Ecoinvest S.A» ЖШС жылыжайына барды. Жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрайды. Жылыжай жылына 6000 тонна қызанақ, ал 2 кезең іске асқанда 12 000 тонна өнім береді.


Айта кету керек, жылыжай шетелдік инвестиция көздері арқылы жүзеге асырылған. Екінші кезең іске қосылғанда 320 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінде кәсіпорында 170 қызметкер жұмыс істейді. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарды, осындай жобаларды көбейтуді тапсырды.
Облыс әкімі аудан орталығы Ақсукентте орналасқан «Белсенді ұзақ өмір орталығының» салтанатты ашылуына қатысты. Аталған орталық мүгедектігі бар зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартады. Сонымен қатар, адамдарды және зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз етпек. Мамандардың айтуынша, бұл орталықтың мүгедектігі бар адамдардың және зейнеткерлік жастағы адамдарды физикалық және психикалық қолдауда маңызы айрықша.


Дархан Сатыбалды Манкент ауылдық округіндегі жаңадан ашылған «Өзге» спорт кешенінің жұмысымен де танысты. Аталған нысанның құны 770 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мемлекеттен 170,0 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Бүгінде 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде.
Іссапар барысында облыс әкіміне мемлекеттік гранттар арқылы кәсібін бастаған тұрғындардың өнімдері таныстырылды. Ауданда шағын кәсіпті дамыту жұмысы жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

«Қалың қалай бастауыш ұйым?»

«Қалың қалай бастауыш ұйым?». Осындай атаумен «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен және...

ТҮРКІСТАНДА ОКТЯБРЬ ЖАРЫЛҚАПОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОН ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында Октябрь Жарылқапов атындағы стадион толық жөндеуден өткізіліп, жаңаша үлгіде жаңартылды. Стадионның ашылу салтанатына қала тұрғындары, ел ақсақалдары,...

Кентау қалалық емханасында отбасылы дәрігерлер қызмет етеді

Отбасы болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қоғамның жақсы болып қалыптасуы жанұяның әрбір мүшесіне байланысты. Бүгінде...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке көштің ауқымы ұлғайып жатыр

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында таяуда Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана...

Түркістан облысында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ.

Түркістан облысында білім ұяларының саны өткен жылмен салыстырғанда 32 мектепке артып, 983-ке жетті. Оның ішінде 75-і – жекеменшік мектептер....

Адам саудасы тыйылмай тұр

Адам саудасына қатысты елімізде жылына шамамен 100-ден астам қылмыс тіркеледі екен. Биыл 4 айда адам саудасы бойынша 30-ға жуық...

Сайрамда көп балалы аналар ардақталды

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығына сәйкес 91 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ БРЕНДТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КҮШ САЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

  Өңірлік бренд қалыптастырудың еліміз үшін маңызы зор. Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған «Әкім гранты» жобасы бойынша қолдау...

Тағы да