Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан: Бала қауіпсіздігі мен құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында бала тәрбиесіне немқұрайы қарайтын 180 қолайсыз отбасы ішкі істер органның есебіне алынды. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен жиынға Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов, ТО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаев, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева мен Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Запаров қатысты.

– Балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін сақтау, алаңсыз білім алуларына бәріміз жауаптымыз. Бұл ретте, әсіресе, ата-аналардың қосар үлесі мен жауапкершілігі айрықша. Полиция өкілдері атап өткендей, қылмысты көбінесе бақылаусыз қалған балалар жасайды. Мектептерде де профилактикалық жұмыстарды жандандыру керек. Осы комиссия мүшелері өз құзіреттері шеңберінде жауапкершілікпен жұмыс істеуі тиіс. Балалардың спорт, өнер үйірмелеріне, мектептердегі қосымша үйірмелерге қатысуына жағдай жасалуда. Сол жұмыстарды жанашырлықпен, адалдықпен үйлестіру де маңызды. Балалар арасында қылмысты, балаларға қатысты құқықбұзушылықтарды азайту үшін олардың бос уақытын тиімді дүниелермен толықтырған жөн, – деген Бейсен Дәулетұлы жауапты басқарма басшылығы мен сала мамандарына тапсырмалар жүктеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Нәтижесінде 180 қолайсыз отбасы анықталып, 228 кәмелетке толмаған баламен профилактикалық жұмыс жүргізілген. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 39 жасөспірім орналастырылды, түнгі уақытта ойын — сауық орындарында 104 кәмелетке толмаған бала анықталған. Кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген 42 мекеме иелері жауапкершілікке тартылған.

2 мыңнан астам бала түн ішінде бейсауыт жүру барысында ұсталып, ата-аналарымен тиісті жұмыс жүргізілді. Комиссия отырысына онлайн режимде қатысқан аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімінің басшыларына балалар тәрбиесіне қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Облыста ата-аналармен кездесу айлығы басталды. Бір ай бойы арнайы топ барлық ауданда ата-аналармен кездесу өткізеді. Облыс әкімінің орынбасары полицияның түнгі рейдтеріне комиссия мүшелеріне де бірге шығуды тапсырды.

Биыл бірінші тоқсанда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар өсіп, 44-ке жеткен. Ол қылмыстарға кәмелеттік жасқа толмаған 38 бала қатысқан. Қылмыстың 41 пайызы – бөтеннің мүлкін ұрлау. Саралау нәтижесі көрсеткендей, қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың ата-аналары жұмыссыз, әлеуметтік жағдайлары нашар отбасылар немесе толық емес отбасынан шыққан жасөспірімдер. Сондықтан ата-аналардың жауапкершілігін және әлеуметтік жағдайын көтеру де маңызды. Тәртіп сақшылары «білім беру мекемелері құқықбұзушылыққа бейім оқушылар анықталған жағдайда, тізімдерін жасырмай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына ұсынып отырса», деген ұсыныстарын айтты. Осы арқылы қылмыстың алдын алуға болады.

Кәмелетке толмағандарға қарсы құқықбұзушылықтар да тіркелген. Жыныстық сипаттағы әрекеттер, бұзақылық, тонау және өзге де құқықбұзушылықтар бар. Қылмыстарды жасаушылар арасында жақын адамдар да кездесетіндіктен кейбір ата-аналар бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды. Сол себепті қылмыстарды дәлелдеуде қиындықтар кездеседі.

Зорлық-зомбылыққа ұшараған балаларды тұрақты зерделеп, тиісті көмек көрсету үшін облыстық прокуратурамен бірге «Саналы болашақ» платформасы іске қосылады. Құзырлы мемлекеттік органдар аталған платформа арқылы тиісті мәліметтерге қол жеткізіп, прокуратура, ішкі істер, білім, денсаулық басқармалары бірлесе әрекет етеді. Сонымен бірге аудандарға психологтар тобы аттанып, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен «Бестерек» жобасын жүргізеді. Бұл бағытта қылмысқа, суицидке бейім немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар анықталады.

Жиында ерте жүктіліктің алдын алу, балалардың денсаулығын сақтау, оқушыларға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Балардың қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардан: өрттен қорғау, сәбилерді қараусыз қалдырмау, суға кету деректерін азайту бойынша алдын ала профилактикалық іс-шараларды сапалы атқару керектігі айтылды. Балаларға жолда жүру, тауға шығу, суға түсу ережелері тұрақты түсіндірілуі керек.

Білім ұяларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселесі де талқыланды. Облыста бейнебақылау жүйелерін Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосуға міндетті 743 негізгі мектептің 651-інің бейнекамералары қосылған, 87,6 % құрайды. Сонымен қатар 334 орта білім беру мекемелеріне Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығатын дабыл батырмалары орнатылды. Одан бөлек, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жеке күзет агенттіктерін тарту мен турникеттер орнату қарастырылуда.

Түркістан облысында 4-17 жас аралығында 729 мыңнан астам бала бар. Олардың 267 мыңнан астамы спорттық үйірмелерге тартылған. Оқушылардың құқығын қорғау, оларды жан-жақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді

Стамбұл Travel + Leisure (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және келесі жылы ұсынылатын...

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің 2023 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық жоспарына сәйкес, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сонымен қатар...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

Елге төнген қауіп-қатердің беті қайтты. Түркістан облысында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан табиғи сипаттағы жағдай қалпына келе бастады....

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,...

Аяулы әжелердің айтары көп

Биыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан «Әжелер алқасының» шаңырақ көтеріп, өз алдына отау тіккеніне 10 жыл толып отыр. Аталған алқа...

Сайрамдағы жүйелі жұмыстардың жемісі

«Елу жылда – ел жаңа» деген көреген сөз біздің сүйікті Түркістан облысының қазіргі жағдайына дөп басып айтылған іспетті. Өйткені,жаңадан...

Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ...

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке...

Жетісай аудандық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетісай аудандық Аналар кеңесінің І тоқсандық отырысы өтті. Отырысты Жетісай аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымы...

Тағы да