Воскресенье, 19 апреля, 2026

Балаларға арналған бүкіл мемлекеттік мекемелер тексеріледі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді» деп хабарлайды primeminister.kz.

Вице-премьер мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестіру мен бірыңғай тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Д.Закиеваның әрбір ұсынысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Отбасыларды жан-жақты көмекпен қамту жұмыстарын үйлестіру мәселелерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына бекіту тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын заңнамалық тұрғыдан бекітуді пысықтау тапсырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша көмек көрсету үшін Бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын құрумен айналысатын болады.

Сондай-ақ, вице-премьер Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктеріне әкімдіктермен, Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлесіп, балаларға арналған барлық мемлекеттік ұйымдарды (оңалту орталықтары, интернаттар, балалар лагерьлері және т. б.) кезең-кезеңімен жөндеу, материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.

Т.Дүйсенова Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Оқу-ағарту министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыс орталықтарынан тұрғын үй беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Тамара Дүйсенова тиісті сала жетекшілеріне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды міндеттеді.

Түркістан облысындағы соңғы қайғылы оқиғаға байланысты әкімдіктерге Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша деректер қорын құру тапсырылды.

Жаңалықтар тізбесі

Ботир Шахриёров: «Бұхараның Орталық Азия бойынша туристік потенциалы өте жоғары»

Түркітілдес журналистер қорының отандық БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған Ташкент-Самарқан-Бұхара сапары барысында Бұхара облысы әкімінің орынбасарымен сұхбаттасудың сәті түсті. Қарапайым,...

Жастар — ел ертеңі

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау...

Тамыз айы Түркияда фундук маусымы

Жергілікті халық бір ай жатпай-тұрмай фундук теріп, фабрикалар оны өңдеумен айналысады. Халық таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін фундук...

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ТАҒЫ БІР ҚАДАМ

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Президент Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі...

САЙЛАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТТІ

Менің ойымша, Президент сайлауы әділ, әрі ашық өтті. Қазақстан Республикасының жарқын болашағы кешегі сайлаумен тікелей байланысты болмақ. Еліміздің алға қойған...

Көпбалалы отбасыларға қолдау

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады....

Созақ ауылында «Бір атаның ұрпақтары» арасында футзалдан аудандық жарыс ұйымдастырылды

Созақ ауылында 17 қыркүйек күні Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені»...

Шілдеден бастап этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасы іске қосылады

2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Еңбек...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Тағы да