Понедельник, 20 апреля, 2026

Кітап оқудан үздіктер анықталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Санжар Махановтың басшылығымен және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Гаухар Баймаханованың ұйымдастыруымен “Kitaplike” жобасы қазан айында іске қосылған болатын.

Оқушылардың телефонға тәуелділігін азайтып кітап оқуға шақыру мақсатында құрылған жобаға 80-ге жуық оқушы қатысты.

Қатысушылар жас ерекшелігі бойынша 3 топқа бөлінді. «Балбұлақ» тобы «Экософия немесе киелі табиғат» кітабын, «Ойзерек» тобы Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер», «Бала би» тобы Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» кітаптарын бір ай бойы оқып аяқтады.

Жуырда “Kitaplike” жобасының бірінші кезең қорытындысы болып өтті. Үздік оқырмандарды анықтау үшін Арыс қаласының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Әбдісәттар Жүніс, көршілес ауылдық округтен келген мұғалімдер арнайы шақырылды. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша тест тапсырып, эссе жазды және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесін саралай келе, «Балбұлақ» тобынан Ибатбек Әлиахмет, «Ойзерек» тобынан Қилыбай Көркемай, «Бала би» тобынан Аманова Зере үздік деп танылды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында 1,2,3- орындарға марапаттар беріліп,

Мақсат Тоқболаев бастаған ауыл жастарының демеушілігімен жеңімпаз оқушыларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар, ауыл жастарының бірлігінің арқасында құрылған бұл жоба сәуір айына дейін жалғасын таппақ.

 

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке...

Стамбул: Космополиттік қаланың романтикалық көрікті жерлері

Дүние жүзіндегі күнтізбелерде жылдың ең романтикалық күні ретінде белгіленген 14 ақпан – Әулие Валентин күні келе жатыр. Әрқашан есте...

ТҮРКІСТАН: Төлебилік қарияларға құрмет көрсетілді

Төлеби ауданында Қарттар күні мерекесі қарсаңында қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев сөз алып, жылы...

ТҮРКІСТАН: Келестік көпбалалы ана тігін цехын ашқан

Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Гүлзат Есалиева бала тәрбиесімен қатар кәсіпкерлікті қатар алып жүрген жандардың бірі. Бүгінде 5...

«MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БИЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ТҮРКІСТАНДА БАСТАУ АЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы көшпелі отырысы рухани шаһар...

«Менің әкем – ел қорғаны»

Елімізде полицияның сервистік моделі алғаш рет жұмысын 2021 жылы бастаған болатын. Бірақ, бірден басталып кете қойған жоқ, бұған дейін...

Тұрғын атаның тақиясы

Ауылдың келбеті кісі танымастай өзгерді. Алдымен жарқырап үлкен мектеп түсті. Іші тап-тұйнақтай, едені жып-жылтыр, есік-терезесі жап-жаңа. Кісі кірсе шыққысыз....

Түркістанда қасиетті су шығарыла бастады

Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп...

Тағы да