Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар және би өнері

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Би өнеріне бет бұрған жастар қатары көбейген. Оның айқын дәлелі мемлекет тарапынан тегін ашылған би үйірмелері. Би – өмір сүру символы.Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді.«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деген Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би. Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші ғана алдамшы сезім емес.Би өнері – тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Философиялық мағынаға бай болуы тиіс. Былай айтқанда, спектакль іспеттес. Жүректегі, ойдағы жазуды би тілімен жеткізу, халықты бұған сендіру – басты мәселе. Осы жағынан келгенде, қолдың, саусақтың, буынның, дененің әр қимылы – пәлсапа!«Қамажайды» білмейтін қазақ жоқ! Қазақ биі дегеніміз – Ш.Жиенқұлованың «Былқылдағы», З.Райбаев сияқты ағаларымыз қалдырған «Қаражорға», «Келіншек», «Ұтыс биі», «Қоян-бүркіт», «Асау ат», «Алтынай», «Аса таяқ», «Дауылпаз», «Айжан қыз», «Аққу», «Домбыра» – бұлар тарихы тереңде жатқан қазақ биі туындыларының маржандары. Қазақ биінің классикасы, фольклоры, этнографиясы әлі сол қалпында қалуда.Осы З.Райбаев билерінен бөбекжайдағы  бүлдіршіндерімізге «Аса таяқ» биі үйретілді. Бүлдіршіндеріміз бұл биді аса қызығушылықпен орындап,  аспаптың сыңғырын қызықтап белсене қатысты. Кез келген ұлттық би әр түрлі мағынада, әр түрлі жағдайда бастау алған. Мысалы, испан билері көбіне махаббаттан; ұйғыр билері тікелей өз мінездерін сипаттаудан; қытай, жапон билері ішкі сезімді білдіруден; үнді билері өздерінің құдайларын баяндаудан бастау алған. Ал қазақ биі салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, ою-өрнегімізден басталады. Әсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын, сұлулығын көрсетіп, ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік, түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары, ат шабыс, өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді. Қазақ билерін бөбекжайда жеңілдете үйрету,балалардың қызығушылығын арттыру да өте тиімді.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған экскурсия басталды

Бүгін «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін...

Түрленген Түркістанның тынысы

ТҮРКІСТАН - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТҰҒЫРЫНДА Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістан қаласының халқы шаһардың мерекесін кеңінен тойлады. Мерекелік іс шараны...

Түркістан облысындағы  мұнай өнімдерін өңдеу затында үздіксіз полимерлі- модификациялау  цехы ашылды. 

Битум зауытында полимерлі-модификациялау цехы ашылды. Түркістан облысындағы  мұнай өнімдерін өңдеу затында үздіксіз полимерлі- модификациялау  цехы ашылды. Төлеби ауданы Киелітас...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке қоныс аударуға ниетті азаматтардың алғашқы легі жолға шықты

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында республика бойынша 6727 квота бөлініп, қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау...

«Әр құрақшының өз стилі бар»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленген болатын. Онда шағын және орта...

Ағымдағы жылы 1311 бала өмірге келген

Жақында елімізде тарихи оқиға тіркелді. Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті. Қуанышты сәттен Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов те қалыс...

«МАРЖАН” БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫМ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Жастарға тарихтан өнеге көп

Біздерге жеткен аңыз бойынша Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим атаға арналмақ. Тарихи тұлғаның...

Түркістан облысы – республикада мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір.

Түркістан облысында туындаған мақта мәселесін шешу мақсатында аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған Сыртқы істер министрлігі,...

Тағы да