Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысы – республикада мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында туындаған мақта мәселесін шешу мақсатында аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен алқалы жиын өтті. Оған Сыртқы істер министрлігі, Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, Сауда және интеграция және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ мақта зауыттарының басшылары мен диқандар да болды. Басқосуда жыл сайын қайталанатын өзекті мәселені шешудің бірнеше жолы ұсынылды.

Мақта саласындағы өзекті проблемаларға байланысты үкіметке ұсыныстар жолданды.

Шитті мақта саласы тек шикізат күйінде экспортталатындықтан мақта бағасы шетелдік трейдерлік компанияларға тәуелді. Осыдан арылу мақсатында және шетелдік трейдерлік компаниялардан тәуелсіз жұмыс істеу үшін өңірде мақта кластерін дамытуды қолға алу қажет. Бұл жөнінде Үкіметтің алдағы кезекті отырысының күн тәртібіне қарау үшін ұсыныс енгізілетін болады. Осыған орталық атқарушы органдарға бірқатар мәселелерді назарға алып, оң шешілуіне ықпал жасауы сұралды. Өйткені мақта мәселесін тек облыс әкімдігі деңгейінде шешу мүмкін емес. Оны кәсіпкерлер де мәлімдеп, саладағы проблемалар бойынша  ойларын ашық айтты.
Елімізде мақта кластерін, жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында «Мақта саласын дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының қабылдау, инвестициялық субсидия арқылы мақта өңдеу зауыттарын, қайта терең өңдеуді оның ішінде тоқыма, тігін фабрикаларын салу мен кеңейту, құрал-жабдықтарын алу, реконструкциялау жөніндегі жаңа паспортын енгізіп, инвестициялық шығынды 50% өтеу мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.
Мақта талшығының бағасын анықтап, мақта зауыттарынан сатып алу мүмкіндіктерін ұсыну жағы да айтылды. Сонымен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген ұзақ мерзімді үлкен көлемдегі несие беруді қарастыру мәселесі көтерілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на мақта талшығын экспортаушы кәсіпкерлер үшін Мақтаарал — Достық станцияларының аралығында вагондарды мерзімінде бөлу ұсынылды. Ақ ұлпаны тасымалдау шығынын 50% төменгі бағада белгіленбекші. Мақта талшығын импортаушы елдердегі  елшіліктермен бірлесіп, мақта кластерін дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесі де шет қалмайды.
Түркістан облысы – республикада мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір. Бұл салада 25 мыңға жуық агроқұрылым еңбек етеді. Биыл мақта дақылы 126,3 мың гектарға егіліп, 330,3 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Бүгінгі күнге 305 мың тонна немесе 93% жиналды. Шитті мақтаны қабылдау үшін 22 мақта өңдеу зауытының 187 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Зауыттар шитті мақтаны 200 — 250 теңгеден алдын ала төлем жұмыстарын жүргізуде. Бұл агроқұрылымдардың өзіндік шығынын ақтамай отыр.
Биыл шитті мақтаны сатып алу бағасы төмен болып, агроқұрылымдардың наразылықтарын тудырды. Оның негізгі себебі – әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларға байланысты логистикалық желілер күрделеніп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл шетелдік трейдерлердің ел нарығына сұраныстарын төмендетті. Баға тұрақсыздығына алып келді.
Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Бүгінгі күнге Ливерпуль биржасында орта талшықты  мақта бағасының 1 тонна баға көрсеткіші 93,75 индекс, яғни шитті мақтаның болжамдық бағасы 231,9 мың теңгені құрап отыр.

Жаңалықтар тізбесі

Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

Кітаптың рухани күш екендігі бұрыннан белгілі.  Кітап оқымаған адам ойланудан да қалады, ал, ойы жоқ адамның байқары да, айтары...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТРОЯТ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЮ, НЕ ИМЕЮЩУЮ АНАЛОГОВ В СТРАНЕ

В Туркестанской области «забит колышек» самого крупного проекта в истории региона. Сегодня с участием акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды...

Жаңа құрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Ғасыр жасаған Аналар құрметке бөленді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Арман Айдарұлы ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Батыр...

ТҮРКІСТАН: 2022 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

2022 жылы Түркістан облысы, Келес ауданында 3045 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде бір отбасында үшем туылып, тағы 7...

Майдангерлерге құрмет көрсетті

9- мамыр "Жеңіс күніне" екінші дүниежүзілік соғыста теңестірілген фашистік Гетто концлагерінің бұрынғы тұтқыны Репина Ирина және Ленинград блокадасының тұрғыны...

Түркістандық жастар арасында патриоттық ән байқауы өтті

Түркістанда колледж студенттері арасында ән байқауы өтті. Патриоттық әндер шырқалды. Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқау шарты бойынша қатысушылар...

НҰРЛАН ӘБДІРОВ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін...

«Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті

Жетісай ауданы, Абай атындағы №4 жалпы білім беру мектеп-гимназиясында Республикалық «Жас ақындар» айтысының мектепішілік кезеңі өтті. Іс-шараны мектеп директоры...

Тағы да