Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар тәрбиесі – жалпыға ортақ іс

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Қазіргі таңда, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі уақытта, көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Баршамызға мәлім, тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар, студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Елімізлде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубтар, ойынханалар мен букмекерлік кеңселер және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Өкінішке орай, оқушыларымыз демалысқа шығып, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Ескерту: Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын есте сақтаңыздар.

 

Жаңалықтар тізбесі

«Балалар кітапханасы» – жаңа жобаларға бастайтын бағдарлама

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 16 аудандық, бір қалалық, үш ауылдық филиал бар. Онда 100 кітапханашы жұмыс істейді. Біздің...

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру акциясы басталды

ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ? 🚗 🚎 🚛 Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын...

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІН НАСИХАТТАУҒА ТҮРКИЯ ЕЛІ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСАДЫ

Түркістан облысының туристік ерекшеліктерін насихаттау, туристерді тарту мақсатында құрылған арнайы делегация Түркия еліндегі іссапарын Ыстамбұл қаласында қорытындылады. Облыстық мәдениет...

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Түркістан - екі дүние есігі ғой, Түркістан- ер түріктің бесігі ғой . М.Жұмабаев 2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас...

Қайырымдылық – құнды қасиет

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры...

Сайрамда көп балалы аналар ардақталды

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығына сәйкес 91 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары...

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз...

Фонд «Даму» поставщик господдержки для МСБ

Государство планомерно стимулирует развитие отечественного производства через реализацию государственных программ. Поддержку осуществляет Фонд развития предпринимательства «Даму» посредством предоставления субсидий...

Тағы да