Воскресенье, 19 апреля, 2026

Сайрамда көп балалы аналар ардақталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығына сәйкес 91 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары тапсырылды. Олардың ішінде 20 ана «Алтын алқа» және 71 ана «Күміс алқа» иегерлері атанды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов алтын құрсақты аналарды құттықтап, ақ тілегін білдірді.

— Ана — өмірдің бастауы. Өмірге әйел болып келгеннен кейін отбасын құрып, аяулы ана атану міндет. Әр ана перзенттеріне аналық мейірім мен махаббатын сыйлап, ақыл-кеңесін беріп, ізгітікке тәрбиелейді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы аялап өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең ізгі қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Ана барлығымыз үшін қасиетті де қастерлі сөз. Ана есімі қашанда ардақты. Себебі, адамзатты мойындатқан ғұлама-данышпан да, тарихқа есімі алтын әріппен жазылған арыстар да анадан туған. Сондықтан, ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлік деуге болады.

Бүгінгі таңда жас та болса көп баланы дүниеге әкелген батыр аналарымыздың саны жыл сайын артуда. Аналардың көпшілігі түрлі салада қызмет етіп жүр. Сондықтан, анаға деген көрсететін құрметіміз ерекше.

Қоғамда ана мен баланы қорғау мәселесіне ерекше мән беріледі. Мемлекет тарапынан көп балалы аналарымызға барынша қолдау көрсетілуде. Сіздер ұрпақ өсірумен қатар, елдің болашағына қызмет атқаратын тәрбиелі де білімді жастардың қалыптастыру жолында жұмсаған еңбектеріңіз өлшеусіз.

Осы орайда, ауданның дамуына қосып отырған елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға баянды бақыт пен амандық тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар!

Марапаттау рәсімінде егіз тапқан, 34 жастағы манкенттік Мирзакулова Дилфуза Махаммаджановна, сондай-ақ 1984 жылы туған қарасулық Матова Сәния Тұрабекқызы және манкенттік Эргешова Чарос Моминхановналар ең жас «Алтын алқа» иегері атанды.

Ал, «Күміс алқа» алқасы табысталғандардың ішінде ең жас аналар 1993 жылы туған қайнарбұлақтық Орманова Балжан Асанханқызы және ақсукенттік Танғатарова Фариза Ғабиденқызы, одан кейін егіз балаларын өсіріп отырған 1988 жылғы ақсукенттік Муратова Ляйсан Рашитовналар болды.

Іс-шара соңында қуанышқа бөленген аналар қауымы өз ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетелік, ауданда 12017 жуық көп балалы ана бар. Олардың 144-і «Батыр аналар», 956-ы «Алтын алқа», 3034-і «Күміс алқа» иегері. Ал, 402 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Алқа...

«Халық-Life» АҚ компаниясы 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады

2021 жылғы 27 қазан, Алматы қаласы – «Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады. 2021 жылдың 3-ші тоқсанның...

Түркістандық талапкерлер «Серпін» бағдарламасына 13-22 шілде аралығында құжат тапсыра алады

Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылы бастау алған болатын. Аталған бағдарлама аясында...

«Табысты отбасы» жобасының түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

«Табысты отбасы» әлеуметтік пилоттық жобасы аясында оқуын аяқтаған 43 азаматқа аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының жұмыспен қамту және...

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді – ІІМ

Осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мыңға жетті Ішкі істер министрлігі тұрмыстық...

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты  №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезелер тақырыбындағы республикалық ақпараттық науқанның...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде энергетика саласын дамыту, тарифтерді қадағалау, осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды....

Ерлік –жастарға өнеге

Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені жалғастыру үшін әрбір азамат өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлігін...

Ағайын-туысқа өте бауырмал болатын

Тірлікте әкенің орны бөлек қой. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Өзіміз ата болсақ та әлі күнге дейін...

Тағы да