Воскресенье, 19 апреля, 2026

«Балалар кітапханасы» – жаңа жобаларға бастайтын бағдарлама

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 16 аудандық, бір қалалық, үш ауылдық филиал бар. Онда 100 кітапханашы жұмыс істейді. Біздің кітапханашылар  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты тақырыпта Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың ІІ отырысында сөйлеген сөзін «Оңтүстік Қазақстан» газетінен оқыды. Оның ішінде «Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту» деп аталатын бесінші бөлімге ерекше назар аударды.
Идеология жұмысындағы басты бағыттардың бірі – кітап басып шығару ісі. Елімізге әдеби кітаптардың 90 пайызы сырттан келеді. Сондықтан, қазіргі уақытта ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды міндет болып отыр.
Бүгінде еліміздегі мектеп кітапханаларында 130  миллионнан астам кітап қоры бар. Дегенмен, онда көркем әдебиеттің үлесі тым аз. Осы орайда  Мемлекет басшысының «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырғаны бәріміздің көңілімізден шықты. Ол үшін қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын шығармалардың тізімі жасалуы керек. Бұған қоса сол тізімдегі кітаптардың барлығы балаға қолжетімді болса дейміз.
Президент Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу мәселесін де көтерді. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай кітапхананы Түркияның астанасы Анкарада көрген екен. Дәл осындай кітапхананы біздің елімізде де салуға толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Президенттің «Балалар кітапханасы» деп аталатын жаңа бағдарламасына орай ұжыммен жұмыс жоспарын қайта қарап, жаңа жобалар жасадық. Атап айтар болсақ, қазір балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін «Biblio жаз – 2023» жазғы лагерін ұйымдастырудамыз. Оқырмандарға драматургия жанрына қалам тербейтін жазушыларды таныстырып, олардың шығармаларынан сахналандырылған көрініс қою мақсатында «Балалар кітапханасы + Театр» жобасын қолға алмақпыз. Жаңадан шыққан кітаптарды талқылайтын «Түркістан облысының жазушылары – балаларға» және балаларға арналған мерзімді басылымдарға шолу жасайтын «Барлық қызығушылық – баспасөзде!» атты жобаларды да іске асырмақпыз.
Сонымен қатар, республика бойынша кітапханааралық байланысты нығайтуды көздейтін «Әдеби галактика» атты республикалық байқау мен балаларды көркем әдебиет оқуға шақыратын «Кел, балалар, оқылық!» атты кітап фестивалін ұйымдастырмақпыз. Осы мақсатта жергілікті қаламгерлердің балаларға арнап жазған дүниелерін жинақтап жатырмыз. Оларды кітапханамызға шақырып, іс-шаралар өткізуді де жоспарлаудамыз.
Кітапханамыз заман талаптарына сай модернизациялаудан өткізіліп, кітап қоры заманауи әдебиеттермен толықтырылса деген тілегіміздің бар екенін де айта кетейік.

Ақмарал ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы  Түркістан облыстық балалар кітапханасының директоры.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» танымдық...

Келесте 13 577 балаға бір реттік ыстық тамақ берілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биыл барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды. Сол қатарда...

ПРЕЗИДЕНТ АЙТҚАН ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ҚАҒИДАТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жасады. Мәжілісті тарату және...

Елдің сенімін ақтап жүрген халық қалаулысы

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

СТАМБҰЛДАҒЫ АЛТЫН КҮЗДІҢ КЕРЕМЕТІ

Күз мезгілі Стамбұл және оның айналасындағы табиғат әуесқойлары үшін үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Бай тарихи мұрасы, жанды мәдениеті мен өнері және...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы...

Қайырымдылық – құнды қасиет

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры...

ТҮРКІСТАН: 12 жасар Нұрмұхаммед шахматтан Қазақстан чемпионы

Түркістанда "Шахмат керуені" жобасының жеңімпазы анықталды. Ол - 12 жастағы алматылық Нұрмұхаммед Қабиназар. Еліміздің болашақ мақтанышы бүгінгі жарыста үздік...

Тағы да