Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІН НАСИХАТТАУҒА ТҮРКИЯ ЕЛІ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысының туристік ерекшеліктерін насихаттау, туристерді тарту мақсатында құрылған арнайы делегация Түркия еліндегі іссапарын Ыстамбұл қаласында қорытындылады. Облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-ң бас директоры Серік Сандыбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры Жақсылық Акимов, сондай-ақ қонақ үйлер мен мейрамхана өкілдері «Turksab» түрік туристік агентіктерінің қауымдастығына барды. Кездесуде Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, жарнамалық үнпарақтар таратылды. Қос тараптың өзара келісімі нәтижесінде 2024 жылы түркиялық туристік агенттіктерге Түркістан облысында ақпараттық турлар ұйымдастырылады.
Іссапар Ыстамбұл коммерциялық университетінде жалғасын тапты. Жоғары оқу орны басшылығы, доктор Исрафил Құралаймен келіссөздер жүргізіліп, екі ел университеттері арасында тығыз қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Жиын соңында түркістандық делегация қолөнер шеберлерінің туындыларын сыйға тартты. Мұнан соң арнайы делегацияны ҚР Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы Нұриддин Аманқұл қабылдады. Ол Түркістан облысында саланы дамытуға назар аударылып жатқаны қуантатынын жеткізді. Атқарылып жатқан шараларға оң бағасын беріп, іскерлік байланыс арқылы Түркістан өңірінің туризмін насихаттауға ықпал ететінін айтты. Айта кетейік, облыстың туризм саласы өкілдерінен құрылған жұмысшы топ Кайсері, Конья қалаларында да іскерлік кездесулер өткізді. Онда танымал университеттер мен туристік операторларға Түркістан өлкесінің тарихи-мәдени орындары, көрікті жерлері мен табиғаты жарнамаланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 17 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев айтты. Сондай-ақ басқарма басшысы Республика күні мерекесінің...

ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫНА 30 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛҒАН

Түркістан облысында биыл 5 қараша күні аудан әкімдерінің сайлауы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында өтеді. Бекітілген күнтізбелік жоспарға...

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ НАЧАЛИ РАБОТУ ПРЕДПРИЯТИЯ ПО ПРОИЗВОДСТВУ МАШИН КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ

В ходе рабочей поездки в Кентау аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды посетил ТОО «BNK Group LTD», которое занимается производством...

Гөджек: көк саяхаттың жүрегі

Жаз – Түркияның Эгей және Жерорта теңізінде көгілдір саяхат, ерекше желкенді тәжірибе үшін жылдың ең әдемі мезгілі. Түркегей мен...

Елде зорлық-зомбылық бойынша шағым түспесе де полиция іс қозғай алады

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша енді шағым түспесе де, полиция іс қозғай алады. 1-шілдеден бастап заңға осындай өзгеріс енеді. Өйткені соңғы...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЗАМАНАУИ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сайрам ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. «Түркістан БГҚ» ЖШС-нің маневрлік...

Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен қызғалдақ кілемі “тоқылады”

Cтамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас...

Алтын алқа, күміс алқа иелері марапатталды

Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Жұмақтың кілті аналардың табанының астында десек, аналарды...

Жерорта теңізінің жағалауын “Түрік ривьерасы” деп бекер атамайды

Түркияның Жерорта теңізінің жағалауын “Түрік ривьерасы” деп бекер атамайды. Ел іші мен шекара сыртынан жыл сайын миллиондаған туристің сүйікті...

Тағы да