
Түркістандық жұмысшы топ бүгін күнгей өңірден Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты. Түлкібастық Нұрлыбек Қисықов 2018 жылы отбасымен бірге көшіп келген. Бүгінде Нұрлыбек осы ауылдағы мектепте жарымен бірге мұғалім болып қызмет атқарады.
Сонымен қатар, Привольное ауылында Жетісай қаласының бұрынғы тұрғыны Разия Ескендірқызы да тұрады. Разия 2021 жылы отбасымен бірге көшіп келген. Оның айтуынша, теріскейде істейтін кәсіп көп, табыс та жоғары.
Теріскейде 2020 жылғы қоныс аударушылар үшін 20 жер үй салынған. Сонымен қатар, аталған ауылда Шымкент, Алматы қаласы, өзге де облыстардан келген азаматтар тұрып жатыр. Қоныстанған азаматтар қазіргі жай-күйлеріне дән риза.
Жұмыссыздық, баспананыңжоқтығы қазақ үшін үлкен мәселелердің бірі. Екі қолға бір күрек таппай, отбасынқалай асыраймын деп жүрген азаматтар үшін мемлекет жақсы мүмкіндіктер беріп отыр. Нақты айтсақ, Солтүстікке қоныс аудару арқылы өзіңізге жұмыс та табасыз,баспаналы боласыз, әрі құлазып, бос жатқан Солтүстік өңірдің еңбек нарығына оң үлесіңізді қоса аласыз. Қазақтың әрбір мекені өз жеріміз. Бұл орайда, қоныс аударушының әрбірінде патриоттық сезім болса, барған өлкесін түлетіп, сол мекенге тастай батып, судай сіңеді.
Түркістан облысы басшылығы келтірген деректерге сүйенсек, бағдарлма бойынша соңғы 4 жылда облыстан солтүстікке 881 отбасы немесе 3377 адам қоныс аударып, оларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетілген. Түркістан облысы Сайрам ауданындағы халық саны тығыз орналасқан елдімекендердің бірі – Қарабұлақ. Мұнда 60 мыңнан астам халық тұрады. Жалпы өңірде 400 мыңдай өзбек ағайын бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
