Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда кәмелетке толмағандар түнгі рейд барысында ойынханаларда ұсталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 2 мыңнан астам бала түнгі рейдтік іс-шаралар кезінде ұсталған. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасын жиі өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Мақсат – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық полиция департаментінің ЖПҚ орынбасары, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов, облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, сондай-ақ қалалық Полиция басқармасының жеке құрамындағы 35 қызметкер мониторингке қатысты.

Түнгі сағат 22.00-де Есім хан алаңында басталған рейдтік шара «Отырар» мөлтек ауданы аралығын қамтыды. Комиссия мүшелері екі топқа бөлініп, бірқатар ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар мен мейрамханаларға аралау жүргізді. Нәтижесінде ойынханалар мен мейрамханаларда кәмелетке толмаған балалар анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, тіркелді. 16 мекеме иесі сағат 22.00-ден кейін жасөспірімдерді заңды өкілінсіз кіргізуге жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылып, тиісті шаралар қолданылды.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев өңір көлемінде жедел профилактикалық рейдтік іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді. Атап айтқанда, көшеде және басқада қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары атқарылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды

Түркістанда «кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алған жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды Шағын және орта бизнес – көптеген дамыған...

«AMANAT»: Адам саудасы мәселесі заңмен қатаң реттелуге тиіс

«Адам саудасы туралы ХХІ ғасырға айтудың өзі жабайылық сияқты болғанымен де,  өкінішке қарай, бұл – бүгінгі күннің шындығы» «AMANAT» Орталық...

Халықтың өсуі мемлекет жүргізіп отырған отбасылық және демографиялық саясаттың оң динамикасын көрсетеді

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУҒА ҚАТЫСТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЕЛІЛЕР Бала тууды ынталандыру. Мемлекет елдегі және әлемдегі динамикалық экономикалық жағдайда бала тууды ынталандыру және...

Тұрғындарды газбен қамту мәселесі бақылауда

Д. Сатыбалды: «Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау керек». Тұрғындарды газбен қамту мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Облыс әкімі...

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Төрт тоқсан – төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы Сабыр Рахымов...

Дөңгелек үстелде қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сотта қарау кезінде кездескен проблемалық мәселелер талқыланды

Түркістан облысы прокурорының міндетін атқарушы Саян Шаймұратұлы Келдібековтің төрағалық етуімен қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта қарау...

Where to Find Affordable Lodging in Romania

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев...

Биыл Түркістан облысының мектептері бейнебақылаумен және кәсіби күзетпен толық қамтылады

Биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден...

Тағы да