Понедельник, 20 апреля, 2026

Туризм бағытында толымды жұмыстар атқарылуда

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, ел көріп, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының кезекті жобасы Өзбекстан елінде жалғасты.

Көршілес елдің туризм бағытында атқарып жатқан толымды жұмыстарымен танысып, жаңашыл бағыттарына қанықтық. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде, отандық БАҚ өкілдеріне арнап шілде айына жоспарлаған Ташкент-Самарқан-Бұқара жобасы жайлы жолжазбамызды бастаймыз. Ташкент шаһарына табанымыз тиген алғашқы сәттен бастап таңдандырғаны қаланың тазалығы болды. Көлденең жатқан көк жапырақ жоқ. Айнала жасыл желекке малынып тұр. Экзотикалық ағаштардың сан түрі көш бойлап самсап тұр. Гүлдің неше атасы көздің жауын алады.

Әмір Темір ескерткіші

Пресс турдың алғашқы күні Өзбекстан астанасындағы көрнекі жерлерден басталды. Солардың бірі де бірегейі Әмір Темірдің ескерткіші тұрған алып бақ. Ескерткіш ерекше -ақ жасалыпты. Рухты һәм айбынды. Алыстан менмұндалап, айбарланып тұрғандай. «Тірі» сияқты. Теңіз асып, тау асып әкелінген ағаштың сан алуан түрі, ерекші пішінмен отырғызылыпты. Саялы субұрқақ, әсем гүлдермен көмкерілген алып бағы бар. Ортағасырлық алып империяның қолбасшысы және негізін қалаушы Әмір Темір атындағы алаңның тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1882 жылы генерал М.Черняевтің бұйрығымен құрылған шағын алаң 2009 жылы қайта жаңғыртудан өткізіліпті. Аумағы үлкейтіліп, жаңаша түрлендіріліп, әсем келбетке ие болған. Саябақтың қақ ортасына XIV ғасырдың көрнекті қолбасшысы және мемлекет қайраткері Әмір Темірдің ескерткіші қойылған. Ерекше мүсін қоладан жасалған. Ескерткіштің маңдайалдына Әмір Темірдің «Күш әділеттілікте» ұраны төрт тілде ойып жазылған.

MAGIC CITY IN TASHKENT

Ташкенттегі пресс турдың алғашқы күнінің бағдарамасына сай Magic city — ге жолымыз түсті. Жалпы көлемі 8500 шаршы метр болатын аумақта “би билейтін” субұрқақ, биіктігі 57 метрге жететін баварлық Нойшванштайн қамалының көшірмесі көрініс тапқан. Аяқжолдың өзі әсемдеп безендіріліпті. 650 адамға есептелген римдік Колизей, керемет көрініске толы көшелер… Балалық шаққа саяхат жасатып, ертегілер әлеміне еріксіз жетелейді. Керемет Нойшванштейн — Альпі түбіндегі романтикалық қамал ертегідегі иллюстрацияны еске түсіретін неоромандық сәулеттің шедеврі көптеген туристерді қызықтыратыны анық. Нойшванштайн сарайының сәулеті — бұл ортағасырлық мотивтер мен романтиканың қоспасы, тасқа бейнеленген театр мен рыцарлық өнерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Мұның бәрін жіңішке биік мұнаралардан, жартылай шеңберлі аркалардан, көптеген декорациялардан, мүсіндерден және сәнді балкондардан көруге болады. Соның бәрін де мұнда керемет үйлестіріпті. Бала-шағасын ертіп қыдырып жүрген жергілікті тұрғындардан бөлек, мұнда шетелдіктердің қарасы қалың. Бір байқағанымыз Ташкентте Индиядан, Пәкістаннан келетін туристердің қарасы қалың құсайды.

Ақ мешіт

Ертесіне табанымыз тиген қасиетті мекеннің бірі Ташкенттің қақ ортасындағы Ақ мешіт болды. 2014 жылы Ислам Каримовтың бастамасымен ашылған екен. Ақ мрамордан салынғандықтан ақ мешіт деп аталады немесе Минор мешіті деуге болады. Ташкенттегі ислам орталығы болып табылады. Мешіт ғимараты дәстүрлі шығыс және өзбек стилінде салынған, оның екі мұнарасы және алып күмбезі бар. Мешіттің іші нақш стилінде безендіріліп, михраб тек Құранның сөздерімен ғана емес, хадистермен де безендірілген. Мешіт 2400 адамға арналған. Ашылғаннан кейін «Кіші» мешіт Ташкенттегі және бүкіл Өзбекстандағы мұсылмандардың рухани орталықтарының біріне айналған. …..

Жалпы Ташкентке келген туристерге «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсететіндей көрнекі жерлер өте көп. Тіпті бірнешеуін көріп үлгеруге уақыт тапшы болуы мүмкін. Қызмет көрсету сапасы өте жоғары.

Жаңалықтар тізбесі

«Жақсылықты бөліссең көбейеді»

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Түркістан облысында 23 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды

Түркістан облысы бойынша 2022-2023 оқу жылында 30 110 мектеп бітірушілердің (оның ішінде 23837 қазақ, 1848 орыс, 4149 өзбек, 276...

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Бизнес форум шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында ұйымдастырылды. Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме...

Жастар- татулықтың тұмары

Еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы ұлтаралық достық пен бірлік, ең алдымен, елімізде дұрыс жүргізіліп отырған саясат пен қазақ...

ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Шардара ауданына қарасты, Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебінің 1986 жылы туған 2003 жылғы түлектері 20 жылдық мерейтойларында...

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және...

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен тұсындағы Муғла Түркияның Бодрум, Фетхие, Мармарис, Датча, Гочек, Өлітеңіз және Көйджеғиз сияқты ең...

САЙРАМ: Балалар үшін жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымының ашылуы өтті

Балалар үшін жазғы демалыстың нағыз қызық уақыты басталды. «Оқушылар үйі» МКҚК-нің балансындағы лагерьде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға шамасы жете ме?

Елімізде отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін түрмеге  қамалғандар саны 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 60 мыңнан астам зәбір...

Тағы да