
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша депаратментінің ұйымдастыруымен «23 маусым — Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай «Отбасым-үйім, отбасы-тірегім» мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында отбасы құндылығын кеңінен дәріптеу болды.
Конкурсқа 7 мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері қатысып, 7 кезең бойынша бақтарын сынады. Сайысқа түскен әр отбасы бірлік пен өзара ынтымақтастықты және ізгі қарым-қатынас пен өнегінің жағымды үлгісі бола білді. Байқаудың нәтижесінде, жүзден жүйріктер анықталып, жүлделі І орынды ШАҢЫРАҚ командасы алса, АБИЛОВТАР ОТБАСЫ командасы ІІ орынды, ал ІІІ орынды ТАУ БАРЫСЫ командасы иеленді.
«Тау барысы» командасын құрып, байқауға Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, салық инспекторы Күздеубаев Аяз Боранбайұлы қатысты.
Аяз Боранбайұлы 2007 жылдан 2021 жылға дейін Төлеби ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінде тапжылмай еңбек етіп, 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Алатау ауылдық округінде бас маман қызметін атқаруда. Отбасылы, 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.
Байқауын жеңімпазын аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы құттықтап, Кубок және Алғыс хат табыс етті.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
