Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» білім мен спортты ұштастырған эстафеталық жарыс өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Бәйге» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті.

Аталған сайысқа үйірмеге қатысатын білімгерлерден құралған («Бірлік», «Шымыр», «Жүйрік», «Жалын», «Қыран») 5 команда қатысты.

— «Спорт — денсаулық кепілі», «Білімді мыңды жығады» деген сөздер бекер айтылмаған. Сондықтан әрбір адам тұлғаға айналғысы келсе, спорт пен білімді қатар алып жүруі тиіс. Денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын сақтайтын адам түрлі жамандықтан аулақ болады. Ал, білімді, алғыр тұлға кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдап, қателік жасамауға тырысады. Тиісінше, біз де сіздерді келешекте ақыл-ойы дамыған, денсаулығы мықты адамдардың қатарынан көргіміз келеді. Бүгінгі сайыста ақылы мен күшін сынағалы отырған барша қатысушыға сәттілік тілеймін! Шын жүйріктер жеңімпаз атансын! — деді сайысты ашып берген мекеме директоры Индира Икапова.

Атап өтсек, сайысқа қатысушылар алдымен флешмоб орындап, командаларын таныстырды. Содан соң «Кім тапқыр?», «Кім жүйрік?», «Кім шапшаң?», «Кім мықты?», «Кім күшті?» кезеңдері бойынша білімдері мен күштерін сынап, өзара мықтыларды анықтады. Нәтиже бойынша:

«Бірлік» командасы — І орын;

«Жалын» командасы — ІІ орын;

«Жүйрік» командасы — ІІІ орын;

«Шымыр» командасы — IV орын;

«Қыран» командасы — V орынға ие болды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Arcade High — Outrun This!

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Chance the Rapper releasing debut album this summer

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

САЙРАМ: Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен балаларға арналған мерекелік шаралар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының»...

ТҮРКІСТАН: «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша,...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Сарыағаш қаласы, Созақ көшесіндегі, Кескент каналының үстінен өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Шараға...

Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен жиын өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға шамасы жете ме?

Елімізде отбасы мүшелеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін түрмеге  қамалғандар саны 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 60 мыңнан астам зәбір...

ДЕЛЕГАТЫ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВСТРЕТИЛИСЬ С ИНВЕСТОРАМИ В КИТАЕ

Делегация Туркестанской области во главе с управлением предпринимательства и промышленности, в составе акимов Сайрамского, Сауранского, Отырарского, Казыгуртского, Ордабасинского районов...

Адам саудасына жол жоқ

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен...

Тағы да