Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өтеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, еліміздің барлық өңірінде 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.

«Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын 12 маусым «Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес» күні шеңберінде өткізіледі. Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Науқан күндері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтік іс-шаралар, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр», — деді Дінислам Болатханұлы.

Брифингте белгілі болғандай, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шарты жасалады. Сондай-ақ, еңбек шарты 15 жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда; 14 жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін; Кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына, имандылық тұрғысынан дамуына және оқу процесіне нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмағандармен жасалуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда, еңбек шартына кәмелетке толмағандармен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

Жалпы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Оқушыларды тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылады. Балаларды полициясыз тасымалдауға тыйым салынады. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі

Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі...

Прокурор мекеме аралық зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында жиын өткізді

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің төрағалығымен аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасын кешенді жүзеге асыру шараларын нақтылау, пысықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Асық ойындарынан сайыс өтті

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» және «Зат» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер: Алия Мырзаева және Роза Нурмуратованың ұйымдастыруымен асық ойындарынан сайыс...

Бас прокуратурада алқа отырысы өтті

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөнінде алқа отырысы өтті. Алқа...

ТҮРКІСТАНДА «Балалардың игілігі үшін» мерекелік гала-концерті өтті

Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» гала-концерті өтті. Алдымен «Когресс Холл» кешенінде Ордабасы,...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН КӘСІП АШҚАН

Темірлан ауылының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызы көпбалалы кәсіпкер ана. «Ана көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген....

“Самғау” жастар фестивалі басталады

Биыл 25 және 26 қыркүйек күндері «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайынғы жастарға арналған «САМҒАУ» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтеді....

Ана мен бала құқығын қорғау демографияға оң әсер етеді

Кез келген елдің демографиялық жағдайы ішкі саясаты мен оның экономикасына тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер экономикалық, қорғаныс жағынан...

Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі басты назарда

Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ және С.Рақымов ауыл округтерінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықты және оқыс оқиғалардың...

Тағы да