Воскресенье, 19 апреля, 2026

Адам саудасына жол жоқ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен түрде күресіп келеді.

ҚР Бас прокуратурасы таратқан мәліметке жүгінсек, Қазақстанда адам саудасына байланыс­ты қылмыс жылдан жылға артып келеді. Өйткені Қазақстанның географиялық орналасуы мен экономикалық даму қарқынына орай біздің ел көршілес Орталық Азия мемлекеттерінен жұмыс іздеп келетін жұмыссыздар үшін бірден бір жайлы мекенге айналуда. Сөйтіп, жұмыс іздеп келген жұмыссыздардың кейбіреуі адам саудасының құрбанына айналғанын өмір дәлелдеп отыр. Осы орайда Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметіне зер салсақ, шетел азаматтарының ішінде көп жағдайда Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары адам саудасы құрбанына айналуға бейім екені байқалады. Сондай-ақ, адам саудасы құрбандарының Қазақстаннан Грекияға, Оңтүстік Кореяға, Францияға, Португалияға және басқа да елдерге шығарылған фактілер кездеседі. Адам саудасының ішінде еңбекпен қанау фактісі анағұрлым жоғары. Адам саудасының әрбір жетінші құрбаны кәмелетке толмаған қыз балалар, жаңа туған нәрестелер екені ойландырады. Сондықтан да қазіргі күні Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымы осы аумақтағы әрбір елдің, Қазақстанның мемлекеттік органдармен, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда. Мысалы, Қазақстан Республикасында адам саудасының алдын алу шаралары осы ел Үкіметінің адам сау­дасы қылмысына қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу іс-жоспарында нақты көрініс тапқан. Бұл жұмысты негізінен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау органдары адам саудасы проблемаларын БАҚ-та жариялау, тәуекелді топтар арасында ақпараттық науқан ұйымдастыру, ҚР ІІМ-мен Халықаралық көші-қон ұйымының және «Қазақстанның дағдарыстық орталықтары одағының» қолдауымен ел аумағында орнатылған 11616 сенім телефоны қызметін пайдалану арқылы жүзеге асыруда.

ҚР Конституциясының 1-бабында «Мемлекеттің жоғарғы құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігі нақты көрсетілген. Осында айтылғандай елімізде әр адамның кең тыныстап, білім алып, еңбек етіп, бостан өмір сүруге толық құқылы екендігіне мойынсұнбай, мемлекеттің жоғарғы құндылығы саналатын адам құқығына заңсыз қол сұғып, арам пиғылмен заңсыз әрекеттерге барып, оларды өз мақсатына пайдалану адами тұрғыдан да, заңды тұрғыдан да қылмыстардың ең ауыры болып саналады. Қазіргі таңда тірі саудамен нәпақа тауып, жас бойжеткен мен бозбаланы алдап, арбап, жеңіл ақшаның буымен дәмелендіріп, жансақ басқанды қақпанға түсіріп жүрген алаяқтар да арамыздан кездеседі. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген халық нақылына сүйенсек, әр­бір адам белгілі бір қоғамда өмір сүргеннен кейін ол қоғамдағы заң­дылықтарды, өз құқығын білсе, өзгеге есесін жібер­мейтін құқықтық сауаты болса, алданып, опық жейтін жастар саны азаяр еді. Осы орайда ауданда ата дәстүрді, тілді, ділді құрметтейтін азаматтар болуға жетелейтін, қолда бар құндылықтарды қастерлейтін ұрпақ тәр­бие­леу бағытында колледж, мектептерде арнайы тақырыппен дәріс, семинар-кеңес, кездесу өткізіліп, халықпен кері байланыс орнатуға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Жұмыр жер бетінде өмір сүріп жатқан барша адамзатты алаңдатып отырған адам саудасы өте маңызды трансұлттық қылмыс және адамның құқы мен бостандығын өрескел бұзу әрекеті болып табылады. Мұны көп жағдайда жеке адамға қатысты проблема дегенімізбен, бұл – жеке бастың ғана емес, мұндай қылмысқа жол беру – сол мемлекет құқығының өрескел бұзылуы болып саналады. Себебі, қылмыстың бұл түрі әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына және барша азаматтардың өмірі мен әл-ауқатына төнген үлкен қауіп болып тұр. Сондықтан қазіргі күні адам саудасымен күрес бір мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың күші біріктірілуімен жүзеге асырылуда.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ

Жаңалықтар тізбесі

Көп балалы әкенің өтініші оң шешімін тапты

Ел, Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басты мақсат – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беру екенін...

“Баланың бас ұстазы – ата-анасы» атты психологиялық тренинг өткізілді

Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан» жалпы орта мектебінде «Баланың бас ұстазы – ата-анасы атты білім бөлімінің...

ТҮРКІСТАН: «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша,...

Қазақстандықтардың басым бөлігі Түркияда демалғанды қолай көреді

Түркияда ақпанда болған жер сілкінісі Қазақстандағы туроператорлар мен агенттіктердің жұмысына кері әсер еткен жоқ. Жазғы демалысқа жолдама алып қойған...

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда!

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда! Түркістан облысының мұғалімдеріне арналған шығармашылық ойлау дағдыларына және кешенді міндеттерді шешуге үйрету бойынша халықаралық...

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ұйымдастыруымен «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме ашылды

15 қараша ұлттық валюта - теңге күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме өтеді....

Ерлік –жастарға өнеге

Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені жалғастыру үшін әрбір азамат өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлігін...

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Jennifer Aniston’s Ex Justin Theroux Wishes Her Happy Birthday on Instagram

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да