
Сайрам ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» 40-қа жуық жасөспірімдеріне мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Орталықтың жасөспірімдері патрульдік-полиция автокөлігінің сүйемелдеуімен 2 микроавтобус арқылы Көлкент ауылындағы «Ақсу шатқал» саябағына барып, футбол, көксерек ойындарын ойнап, тәтті мақта, балмұздақпен сусын беріліп, табиғат аясында суретке түсіп, әуе шарларын аспанға ұшыру рәсімдеріне қатысты.
Одан әрі жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Арыс ауылдық округінде орналасқан «Арыс city» ойын-сауық орталығына барып, түрлі аттракциондарға мініп, Шымкент қаласынан арнайы шақыртылған аниматорлармен ұйымдастырылған байқауларға қатысып, одан кейін мерекелік дастарханнан дәм тартты.
Аудан прокуроры Тлемисов Даулет Бекбашұлы мерекелік іс-шара қарсаңында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға атсалысқан барлық азаматтарға өзінің алғысын білдірді.
Сайрам ауданының прокуратурасы
