Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан күн санап түрленіп келеді.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан соң, өсіп-өркендеп келеді. Барлық Қазақстандықтар бұл қаланы рухани шаһар ретінде біледі. Бүгінгі таңда осы өлекеге жылына милионнан астам турист табан тірейді. Қаланың дамуы- халық назарында. Дәл қазіргі уақытта  құрылыс қарқыны күшейді. Аймақта салынып жатқан үйлердің құрылысына жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімдер қолданылуда.

Жалпы, осы пәтерлердің басым бөлігі мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерсе, бұған қоса жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр. Бұл үйлер Түркістан қаласындағы жаңадан құрылған  «Отырар» мөлтекауданы мен «Түркістан — жаңа қала» тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасқан.  Облыс орталығының түлеуіне өз үлестерін қосып жатқан мекемелердің бірі – «Строй Сервис» компаниясы. Бүгінде 70-80 адамды толыққанды жұмыспен қамтып отыр.

«Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздеріне берілген тұрғын үйдің 70% толыққанды бітірген. Қазіргі таңда ішкі жұмыстарына кіріскен. Алдағы уақытта  пайдалануға беріледі – дейді.

Қай қоғамды болмасын, оны дамытуда әрбір саланың қосар үлесі қомақты болатыны белгілі. Дегенмен де, елдің ел болып қалыптасуында құрылыс саласының алар орны ерекше. Осы маңда жұмыс істеп, екі қолға бір күрек тапқан қарапайым еңбек адамдарының жұмысы қиының – қиыны. Бірақта  ынта жігерімен жұмыс істеп, нәпақасын адалынан табуда.

 Қазір біздің облыста ауа райы қолайлы. Күн жылы. Нағыз жұмыс істейтін кез. Құрлыс саласы қарқыны екі есе артуда. Әсем ғимараттар Түркістанның сәніне сән қосатын, заман талабына сай, көрікті әрі сапалы болу қажет. Қарапайым жұмысшылар күн-түн демей аянбай еңбек етуде. Соның бірі Шұғыла 2002  ЖШС.  Бұл мекеме қазір үш үй салуда. Техникалық құрал  жабдықтары жетерлік.

Темірхан Өсербаев – «Шұғыла 2002» компаниясында электрик болып жұмыс істейді. Салынып үйлерге жарық жүргізеді. Жауапкершілікті арқалаған азамат тірлігне тиянақты. Өзінің жұмысын жақсы көреді. Екі жылдан астам уақыт бойы осы іспен айналысуда.

Бүгінгі күні шаҺарда бірнеше көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде бірнеше  үй республикалық бюджет есебінен салынуда. Салынып жатқан баспаналар бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, Сондай-ақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізеді.

 Ержан Әбілмажар – Сарыағаш ауданының тумасы. Қазір облыс орталығында жұмыс істеуде. Құрлыс саласында жүргеніне 2 жылдың жүзі болған екен. Оқыған мамандығы басқа, бірақ құрлыс саласын таңдағанына өкінбейді. Ең бастысы жұмысы бар, еңбек ақысын уақытында алып, отбасына қолғабыс жасауда.

Ержан ӘбілмажарТүркістан қаласының ажарлы келбетін өрнектеп,  облыс орталығының өзіне тән сәнінің айшықталуына мол үлес қосуда. Қызығынан көрі қиындығы басым мамандықтың  қыр-сырын меңгерген Ержанның арманы, көптеген құрлыстардың бой көтеруіне үлес қосып, өзінің қолтаңбасын қалдырсам  — дейді.

Ержанның қолынан келмейтін ісі жоқ. Жұмыстан қашпайды. Еңбекке еті үйрегендігі көрініп тұр. Шаршау деген ой жоқ. Әрбір азаматтың еңбекқорлық қасиеті кейінгі жастарға өнеге.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

«Кітап оқитын адам – табысты адам!»

Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық...

Түркістан облысында 1 шілдеден бастап еңбек мобильділігі орталықтары құрылады

2023 жылғы 20 сәуірде Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды. ҚР...

Ана мен бала саулығының сақшысы

Темірбекова Гүлжан Мырзахметқызы – Шымкент қалалық №1 емхананың акушер-гинеколог дәрігері. 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман науқастардың алғысына...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ТҮРКІСТАНҒА АУЫСТЫРУ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Биыл Кентау қаласының келбетін жаңарту үшін 55 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы тұрғындарымен...

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның» кезекті отырысы өтті. Жиында күн тәртібіндегі бірқатар...

ТҮРКІСТАН: Балаларға қуаныш сыйлаған «Армандар орындалады» жобасы қанатын кеңге жайып келеді

Түркістандық ерікті Әсел Бимырзаеваның 2022 жылы қала көлемінде ұйымдастырған «Армандар орындалады» жобасы енді облыс көлемінде қолға алынды. Өткен жылы игі...

ТҮРКІСТАН: Жетісайда жастар форумы өтті

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы...

Түркістандық делегация Аққулы аудандық ауруханасына барды

Павлодар облысына қоныс аударғандардың жағдайымен танысып жүрген жұмысшы топ Аққулы аудандық ауруханасына барып, жағдайымен танысты. Онда қоныс аударып келген...

Ордабасыдағы игі орталық.

«Шапағат» орталығының шапағаты бүкіл ордабасылықтарға тиіп отыр.  Әлеуметтік  орталық  ашылғалы бері 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. 4 АЙДА...

Тағы да