
«Шапағат» орталығының шапағаты бүкіл ордабасылықтарға тиіп отыр. Әлеуметтік орталық ашылғалы бері 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. 4 АЙДА 3,5 МЫҢ АДАМҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Шапағат» әлеуметтік қызметер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 22 шілдесінде ашылған. Содан бері 3011 зейнеткерлер мен 431 мүгедектігі бар азаматтар орталыққа келіп керекті көмегін алған. Бұл жерге келушілерге барлық жағдай жасалған. «Шапағат» әлеуметтік қызметер көрсету орталығы 3 бағытта қызмет көрсетеді. «Ардагерлер» орталығында зейнеткерлік жастағы адамдарға физикалық және психикалық көмек көрсетіледі. Оларды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруді жүзеге асыру көзделген. Ал осындағы «Тең қоғам»орталығында бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі психоневрологиялық ауруы бар, тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға ем дом жасалады. Есептегі 28 балаға және аудан көлеміндегі мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетіледі. Шапағат орталығында зорлық-зомбылықтан жапа шегіп дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілергеде арнаулы әлеуметтік психологиялық жұмыстары жүргізілуде.
