
Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның» кезекті отырысы өтті.
Жиында күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланып, тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, суға жүзу маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
СУҒА ЖҮЗУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Суға тек арнайы жерлерде түсу;
Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек!
Қандай да төтенше жағдай кезінде
101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
