Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық делегация Аққулы аудандық ауруханасына барды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Павлодар облысына қоныс аударғандардың жағдайымен танысып жүрген жұмысшы топ Аққулы аудандық ауруханасына барып, жағдайымен танысты. Онда қоныс аударып келген 4 маманның үшеуі Түркістан облысынан.

Соның бірі — терапевт Лиза Мұрат. Дәрігер өз отбасымен 2019 жылы Түркістан қаласынан көшіп келген. Күйеуі Қобыланды Шінәсіл аудандық өнер мектебінде ақындық үйірмесін жүргізеді. Одан бөлек, ақын жігіт есігінің алдында көлік жөндейтін станция ашқан. Кейін ол ғимаратты дүкен ретінде пайдалануға бел буған. Алдағы уақытта қосымша наубайхана ашуды жоспарлап отыр.

Отбасының айтуынша, бұл жерге қоныс аударған кезде ешқандай қиындықтар болмаған. Квотаны уақытылы алып, жас маман ретінде баспанаға да қол жеткізген.

– Оңтүстіктен Солтүстікке көшу бағдарламасы арқылы Түркістан қаласынан келгенбіз. Түркістаннан келгендер де бар. Олармен хабарласып тұрамыз. Бұрындары жас мамандарға ғана үй беретін еді, ал қазір көшіп келген отбасыға беріледі. Сондай-ақ, 6 млн теңгеге үй алатын болса, жартысы мемлекет тарапынан беріледі. Мамандықтары бойынша да жұмысқа орналастырады. Біздің кезімізде квота 75 мың болатын. Ал қазір қаржысы қомақты, — деді Лиза Мұрат.

Сонымен қатар, жетісайлық Ержан Палванов та осы аурухана қызметкері. Жас фельдшер қабылдау бөлімінде.

– Жетісайдан арнайы бағдарлама арқылы қоныс аудардық. Үй алдым. Жұмысқа тұрдым. Фельдшер мамандығын оқығанмын. Бүгін алғашқы жұмыс күнім. Бағдарлама туралы Шаға ауылындағы нағашы апамның үйіне қонаққа барғанда естідік. Отбасым, бала-шағам, ата-анаммен бірге көшіп келдік. Жақында бөлем мен нағашы қарындасым келгелі жатыр. Бұған дейін Астанада жұмыс істедім. Ол жақта үй алу қиын болды, — дейді Ержан Палванов.

Аудандық аурухана қызметкері Нафиса Маметова да Түркістан облысынан. Гинеколог маманның қызметіне жергілікті жұрт дән риза. Нафисаның күйеуі Дилшат Джунаевты аққулықтар самса, палау, кәуап және кондитерлік өнім пісіретін кәсіпкер ретінде жақсы таниды. Бұл отбасының солтүстікке қоныс аударуына себеп — үлкен ұлы. Павлодарда лицейде оқитын баласына жақын тұруды ниеттенген ата-ана бүгін көшіп келгеніне дән риза.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Сарыағаш қаласы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Кәусар» мейрамханасында арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналып дастархан жайылды. Іс-шара барысында балаларға арналып...

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

   Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары...

Jennifer Aniston’s Ex Justin Theroux Wishes Her Happy Birthday on Instagram

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ UFC 326 ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операциялар күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бразилиялық...

Жаңа өмір жаңа мүмкіндіктен басталады

  Енді жас ата-аналар үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны ресімдей алады.        Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінің оқушылары Түркияның Анталия қаласынан жеңіспен оралды. «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ...

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова І. Кеңесбаев атындағы мектеп оқушыларымен бірлесіп "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты...

ТҮРКІСТАН: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40...

Тағы да