
Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық қасиеттерін дамытудағы кітаптың рөлін көрсету.
Кітапханашылар заманауи кітап оқитын адам, табысты, білімді, мәдениетті болатын түсінік берілді. Бос уақыттарында кітап оқу, кітап оқитын адам бейнесі, кітап оқу құндылықтардың негізі болып табыла ма, соны сөз етті. Ақпарат ғасырында кітап деген не және оқу табысқа қалай әсер ететіні сөз етті.
Балалар кітап оқу өз бетінше, сыни пайымдауларын дамытатын, ойлайтын тұлғаны тәрбиелеуге көмектесетінін атап өтті. Кітаппен қарым-қатынас сана мен жүректі баурап алады, әлем және өзі туралы ойларын оятады. Былайша айтқанда, кітапты аша отырып, ойлайтын оқырман бір мезгілде өзінің жеке мүмкіндіктерін ашады.
Өскелең ұрпақ «кітап оқитын адам – табысты адам» деген пікірді қалыптастыруы туралы мағмұлматтар берілді. Кітапханашылар шара соңында балаларға жазғы демалыстарында кітап оқуға кеңес берілді.
