Воскресенье, 19 апреля, 2026

«ТҮРКІСТАН АРУЫ-2022» АНЫҚТАЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

«Түркістан аруы» ұлттық сұлулық байқауы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының аясында ұйымдастырылып келеді. 2022 жылдың 1 қарашасында алғаш рет офлайн форматта «Farab» көпфункционалды кітапханасының концерт залында өтті. Байқау Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.

Биыл ұлттық байқаудың сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 700-ге жуық өтінім келіп түскен. Үміткерлермен 2 бірдей кастинг өткізіліп, ақтық сайысқа Түркістан және Кентау қалаларынан, Отырар, Түлкібас, Созақ аудандарынан 8 қыз іріктелді.

 

Финалда арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағытта өнері және кешкі көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысты.

Әділ-қазылар алқасының қорытынды нәтижесі бойынша Абылайхан Назерке «Түркістан аруы-2022» атанды.

— Мен Дарын мектебінің түлегімін. 124 баллмен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетіне грантқа түстім. Менің сүйікті хоббиім-жүзу. Мектептен бастап әртүрлі   жобаларға, түсірілімдерге қатысып, модель болып жұмыс істедім. «Түркістан аруы» сайыстың кастинг туралы білгеннен кейін бірден өтініш бердім. Өйткені бұл менің балалық арманым болды. Мен өз облысымды Алматыда жоғары деңгейде таныстыру үшін барынша күш саламын, — деді жеңімпаз ару.

 

Сондай-ақ үш ару «Түркістан вице-аруы» номинациясын иемденді. Атап айтқанда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің 1 курс студенті Роза Рузбаева 1-ші «Түркістан вице-аруы» номинациясын алса, 2-ші вице-мисс номинациясы Түркістан көпсалалы медициналық колледжінің 4 курс студенті Айтбай Жанеркеге бұйырды. 3-ші вице-мисс номинациясын Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2 курс студенті Тоқтасын Аяулым алды.

Сонымен қатар, байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасында дауыс беру арқылы «Түркістан Интернет аруы» атағының иегері де анықталып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның түлегі Әсел Оразбаева аталған номинацияға қол жеткізді.

 

Жеңімпаз 18 қарашада Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы» байқауына өңірдің намысын қорғауға аттанады. 2021 жылы қашықтықтан іріктеу арқылы «Қазақстан аруы» финалына Шахапова Сұлтанбиби қатысып, финалда бой көрсеткенін атап өткен жөн.

Еске салсақ, бұған дейін 2016 жылы ұлттық байқауға Түркістан облысының атынан Зарина Загидуллина қатысқан болатын. Топ-финалистердің қатарына енген З.Загидуллина  қазіргі уақытта конкурстың өңірлік директоры болып табылады.

Жаңалықтар тізбесі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Еркін пікір...

Бала біздің — болашағымыз!

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аталып өтті. Осы мерекеге орай, балалар...

Жаңа өмір жаңа мүмкіндіктен басталады

  Енді жас ата-аналар үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны ресімдей алады.        Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің...

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМЕ ОТКРЫЛСЯ ЦЕНТР АКТИВНОГО ДОЛГОЛЕТИЯ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды в ходе рабочей поездки в Сайрамский район посетил тепличный комплекс ТОО «Ecoinvest S.А». Стоимость...

Ұлттық ойындарымызды ойнап жүрміз бе?

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің болашағы, ұлттың жалғасы! Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» жастар форумы өтті

Бүгін Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен форумға құқық қорғау...

САЙРАМ: Мереке күні балаларға қуаныш сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарамұрт ауылдық округінде жаңадан салынған мектептің ауласында іс-шара өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов,...

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Тағы да