Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ұлттық ойындарымызды ойнап жүрміз бе?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің болашағы, ұлттың жалғасы! Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Ал, біздің болашағымыз – ол біздің балаларымыз, біздің өсіріп, тәрбиелеп отырған ұрпағымыз.
Ата-бабаларымыз ұрпағының әдепті, инабатты, ибалы, батыл да батыр, ізетті болып өсуі үшін өнеге көрсетуді, өсиет айтуды, бата беруді әдетке, дәстүрге айналдырып отырған. Ата дәстүрін ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы. «Ат тұяғын тай басар» деп жас ұрпақты ата-бабамыздың салт-дәстүрімен тәрбиелеу қажет. Себебі, қазақтың салт-дәстүрінің ішінде бүкіл халықтың мінез-құлқы, мәдениеті, дүниетанымы, тілі мен діні топтасқан. Қазақтың сан ғасырлар бойы жинаған мол мұрасы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары – ерекше тәрбиелік мәні бар асыл қазынасы.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқанындай, ойын бала өмірінде ерекше орын алады.
Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, оны кейінгі жас ұрпаққа жеткізу, насихаттау біздің міндетіміз болуы керек.
Қазақтың ұлттық ойындары батыл, епті, тапқыр және табанды болуға баулиды, баланың көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастырады. Сондай-ақ, балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін, баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, белсенділігін арттыратын сан түрлі ойындарды ойлап тапқан. Ал, бүгінде жас буын сол ойындардың бірін білсе, бірін біле бермейді.
Мәселен, бір ғана асық ойынын алайық. Асықпен ойналатын қаншама ойын түрі бар. Асық ойынының баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында жүгіру, иілу, жүру, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу, лақтыру, ату сияқты әртүрлі қимылдар орын алады. Ойында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зерек, табандырақ, шыдамды болып келеді.
Асықты жинайтын бала кемде-кем. Асық сойылған қойдың, арқардың, серкенің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, пісіріп те сіңірінен тазалап, пайдалануға болады. Шикі асық салмақты, берік болып келеді. Асықты кез келген жерге тастай қалсаң, тұрғаны не алшы, не тәйке, не омпа болады да, жатса не бүк, не шік болады. Жолында омпа тұрған қазақ «жолым болады екен» деп ырымдап жатады, өйткені, асық омпасынан сирек тұрады. Сондай-ақ, жолы болған жанға «асығы алшысынан түсіпті» деген теңеуді де көп айтып жатады.
Ертеде ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Тіпті, сәби дүниеге келмей тұра, жас нәрестенің ойнайтын асықтарын жинаған.
Асықты түрлеріне қарай сақа, кеней деп бөледі. Сақаға үлкен ірі қошқар, ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген – қой, ешкі, киік, қозы, лақ асықтарының жалпы аты. Бұлардың өзі арқар сақа, айналсақ сақа, жымпит сақа, тәйпек сақа, қорғасын сақа деп бөлініп жатады. Ал, асық ойындарының түрі де жетерлік. Олар ханталапай, хан, көк шолақ, арқалампай, тәйке, шықетер, шыр, бестабан ойындары, айта берсек өте көп. Бұлар бір ғана асықтың төңірегіндегі қаншама пайдалы ойындар бар екенін көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық ойындары қаншама. Мысалға, арқан тартыс, қол күрес, жамбы ату, ақ серек пен көк серек, бестас (шекемтас), сақина салу, белбеу тастау, ақ сүйек, орамал тастау, асау мәстек, теңге ілу секілді тағы басқа да ойын түрлері көп.
Бүгінде балалардың қозғалысы өте аз. Әрине, себебі де белгілі. Оларды қазіргі кезде телефондағы, компьютердегі батыстың түрлі атыс-шабыс ойындары көптеп қызықтырады.
Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген орыс ғалымдары зерттеп жазған. Ал, өзіміздің зерттеушілердің қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев есімдерін атауға болады. Зерттеуші ғалымдардың барлығы ойындардың балаларға пайдасының орасан зор екенін дәлелдеп кеткен.
М.Жұмабаев ұлттық ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойындарды ұтымды пайдаланса, еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндеріне ұлттық ойындар сағатын көптеп ендірсе, болашақ ұрпаққа халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға септігі тиер еді. Сондықтан балаларымыздың ойнап жатқан ойындарына да мән беріп, өскелең ұрпаққа ұлттық ойындарымызды үйрете жүрейік.

Жұмакүл БЕГІЛДАЕВА,
әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының әдіскері.

Жаңалықтар тізбесі

Жастар – кәсіптің көзін табуда.

Жастар – кәсіптің көзін табуда. Кәсібің –нәсібің. Шебер де, ісмер жастар аға буын қолөнершілерге қарап бой түзеп келеді. Несібені...

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты  №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезелер тақырыбындағы республикалық ақпараттық науқанның...

10 Things NOT to Do at Walt Disney World

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

«Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиыны өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26-29 қазан күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік...

Қазақстанда халық саны 19 млн. 854 мыңға жетті

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны - 19...

Әлеуеті артқан Түркістан

Түркістан  – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі саналатын киелі...

Түркістандық жас балуандар Х.Аққалиевті еске алуға арналған республикалық турнирде топ жарды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Хайс Аққалиевті еске алуға арналған ХVI...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМВ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТРЕГУЛИРУЮТ ПОЛИГОНЫ, НЕ ОТВЕЧАЮЩИЕ САНИТАРНЫМ ТРЕБОВАНИЯМ

В Туркестанской области по поручению главы региона проведена работа по изучению полигонов твердых бытовых отходов. Составлен план мероприятий, даны...

ТҮРКІСТАН: 72 жастағы ақсақал туған жеріне спорт алаңшасын тарту етті

Отырар ауданында 72 жастағы ақсақал, ел жанашыры Дүйсенбек Божаевтың демеушілігімен балаларға арналған ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Іс-шараға аудан...

Тағы да