
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарамұрт ауылдық округінде жаңадан салынған мектептің ауласында іс-шара өтті.
Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы А.Әбдіқадыров, «Azatnews Azatnews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Озипа Алтаева, білім қызметкерлері, Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М.Нажиев, ауыл биі және тұрғындары қатысты.
Тиісті мекеме басшылары және ауылдық округінің әкімі мерекемен құттықтап, ерекше балаларға сыйлықтарды табыс етті.
Ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен және жеке кәсіпкерлердің демеуімен балаларға арналған қызықты ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Осы күні барлық балаға 1000-ға жуық балмұздақ таратылып, қуаныш сыйлады.
Ашық аспан астында өткен мерекелік шараға ауыл аумағынан келген балалар ойын ойнап, ата-аналарымен бірге балалардың өнерін тамашалады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
