Воскресенье, 19 апреля, 2026

ЕРІ – ЕЛІМЕН, ЕЛІ – ЕРІМЕН МАҚТАНСЫН!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті.
Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын тілімізге тиек еткелі отырмыз.
Бүкіл адамзаттың ұстазы, атақты ойшыл Аристотель: «Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал, қайырымдылық пен адамгершілік – егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, оның болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады», – деген екен. Қазағымызда да пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді.
Байкен Әшірбайұлының «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында қыс айында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратқаны есімізде. Ол аздай, Рамазан айында жеке өз қаражатын ел игілігіне жұмсап, 550 отбасыға азық-түлік себеттері таратылған болатын. Халық қалаулысының қабылдауына тұрмыстық мәселелермен келген отбасылардың да көңілін қалдырмай, 100-ге жуығына азық-түлік пен қаржылай көмегін көрсетті. Қайрымды істер марафоны аясында 100-ден аса отбасыға 1 тоннадан асып жығылатын мал етін үлестіріп, елге қайыр жасады. Бұдан өзге игі істері шаш етектен.
«Қайырымдылық керуені» жобасына белсене араласқан Байкен Әшірбайұлының қоғам үшін жасап жатқан ауқымды қызметі ескеріліп, Н.Назарбаев қорының директоры Д.Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясын жеңіп алған болатын.
Байкен Әшірбайұлын жерлестеріміз қиналғанға қолұшын созатын, тарыққанға дем беретін қайырымды азамат ретінде жақсы біледі. Ел тілеуі – ер тілеуі. Байкендей бауырларымыз елде көп болса, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман ертерек келетіні күмәнсіз…

©️ Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жаңалықтар тізбесі

VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық...

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ІІІ МАУСЫМЫН «КЕЛІНДЕР КӨТЕРІЛІСІ» ПЬЕСАСЫМЕН БАСТАЙДЫ

2023 жылы 21 қазан күні Түркістан музыкалық драма театры III жаңа маусымын бастайды. Театр маусымы «Келіндер көтерілісі» қойылымымен ашылады. «Келіндер...

Келес ауданында «Әкелер кеңесі» құрылды

Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру...

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНДА ҰРЛАНҒАН 1900-ДЕН АСТАМ ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Парламент Мәжілісінің кулуарында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару жайлы айтып берді. Оның...

Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» жастар форумы өтті

Бүгін Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен форумға құқық қорғау...

Тұрғын атаның тақиясы

Ауылдың келбеті кісі танымастай өзгерді. Алдымен жарқырап үлкен мектеп түсті. Іші тап-тұйнақтай, едені жып-жылтыр, есік-терезесі жап-жаңа. Кісі кірсе шыққысыз....

«Даму» Қоры – қызметтері тегін!!!

Арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекет отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

Шардара: Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан...

Тағы да