Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 700 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өңірдегі ауа-райының салдарынан орын алатын жол қауіпсіздігі және қыс мезгіліне дайындық мәселесін пысықтау мақсатында жиын өтті. Мәжіліске Полиция және Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Оңтүстік жол» мекемесі, «ҚазАвтожол» ҰҚ» АҚ өкілдері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты сала өкілдеріне тазалық жұмыстарының кестесін талапқа сай пысықтауды және арнайы техникалардың қажеттіліктерін нақты анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, осыған дейін жіберілген кемшіліктерді зерделей отырып, өзекті мәселелерді шешу қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, жауған қардың салдарынан Жамбыл облысы тарапынан сағат 16:00 де жүк көліктеріне көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданған. Осы орайда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан Полиция департаментінің келісімімен, Түркістан облысы мен Жамбыл облысы шекарасында көлік кептелісінің алдын алу және оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында А-2 «Алматы-Ташкент» автожолының 593-654 шақырым аралықтарына жүк көліктеріне шектеу қойылды. Сондай-ақ, 12 желтоқсан түнгі сағат 23:40 шамасында Түркістан облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автомобиль жолының Шымкент-Тараз бағыты бойынша 593-654 шақырым аралығында қар мен қатты боран салдарынан барлық көлік түрлеріне шектеулер қойылды. Қазіргі таңда ол маңда 19 жол техникасы мен 37 адам жұмыс атқаруда.

Одан бөлек, «Оңтүстік жол» мекемесі тарапынан жалпы 3 688,4 шақырым жол қардан тазартылды. Тазарту жұмыстарына 76 арнайы техника пайдаланып, 201 адам жұмылдырылған. Жолдарда тайғақтың алдын алу мақсатында 885,5 текше метр инертті материалдар себілген. Жалпы өңірдегі жол қауіпсіздігі облыстық әкімдіктің қатаң бақылауында.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және...

Жастар — ел ертеңі

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау...

Халықтың тұрмыстық жағдайы маңызды

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Бастама облыстың оңтүстік аудандарында өтті....

Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол

«Уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) күллі мұсылмандарға уақыттың құндылығын білдіріп былай деген: «Қиямет күні...

Волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш

  "Волонтерлік" ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius "ерікті" мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді....

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру...

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды.Бұл жағдай қала тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асты.Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков халықпен кездесуде тұрғындар  құжат алу...

Тағы да