«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда!
Түркістан облысының мұғалімдеріне арналған шығармашылық ойлау дағдыларына және кешенді міндеттерді шешуге үйрету бойынша халықаралық деңгейдегі инновациялық білім беру бағдарламасы «Shell Nxplorers» алғаш рет Түркістанда!
NXplorers – Шелл әзірлеген инновациялық білім беру бағдарламасы. Ол күрделі мәселелер (жергілікті, ұлттық немесе жаһандық маңызы бар энергетика, азық-түлік/су/медицина/ауыл шаруашылығы саласындағы кешенді мәселелер) мен тапсырмаларды шешуге көмектесетін сыни ойлауды дамытуға арналған. Бұл білім беру бағдарламасы құралдарды қолдану арқылы мәселені қалай анықтауға, түсінуге, талдауға және шешуге болатындығын сипаттайтын ерекше әдістеме негізінде жүзеге асырылады. Тренинг 3 концепсияға негізделген: «Азық-түлік – Су – Энергия». Бағдарламада қатысушылар 1 күн бойы күнделікті өмірдің комплексті проблемаларын шешу мақсатымен арнайы құралдар мен әдістемелерді, сыни және шығармашылық ойлаудың дағдыларына үйренеді. Сонымен қатар, nxthinking ойлауы мен nxplorers дағдыларын игеріп, жергілікті, ұлттық немесе жаһандық маңызы бар энергетика, азық-түлік/су/медицина/ауыл шаруашылығы саласындағы кешенді мәселелерді шешу жолдарын талқылайды.
Бағдарламаға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары және Жетісай, Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ, Түлкібас, Төлеби, Шардара аудандарынан жалпы саны 64 мұғалім қатысады.
Тренинг барысында қатысушылар мықты экологиялық жобаны құру және жүзеге асыру;
Күнделікті сабақтарда және басқа жобаларда қолдана алатын заманауи білім беру методикларын үйрену;
Халықаралық сертификатты алу;
«Shell Nxplorers» халықаралық бапкерлер қоғамдастығына қосылу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстаннан бөлек, «Shell NXplorers» бағдарламасы Сауд Арабия, Австралия, Бразилия, Бруней, Мысыр, Үндістан, Катар, Қытай, Малайзия, Нигерия, БАӘ, Оман, Ресей, Сингапур, Тринидад пен Тобаго, Филиппиндер сияқты мемлекеттерде өтеді.
Аталмыш бағдарлама шаһардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.
