
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, мұның маңыздылығы өткен жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында алғы сөздердің қатарынан орын алып, бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспеді.
Мұндай әрекеттер үшін жазаны қатаңдату қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты 19.04.2023 жылы отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту туралы заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі — ӘҚБтК).
Атап айтқанда;
- 73-бап «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» — 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады (бұрын ескерту жасауға не 5 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін 10 тәулікке (бұрын 10 тәулікке дейін болған);
- 73-1-баптың 1-1-бөлігі бойынша «Отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіруі» — 15 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 15 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін — 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады (бұрын 20 тәулікке дейін болған);
- 73-2 баптың 1-1-бөлігі бойынша «Ұрып – соғу» құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамға қатысты жасалған әрекеттер үшін — 10 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 10 тәулікке дейін болған), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін — 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке дейін болған) әкімшілік қамауға алынады;
- ӘҚБтК-тің 64-бабынан отбасылық-тұрмыстық құқықтық қатынастар саласындағы тараптарды татуластыру үшін әкімшілік жауаптылықтан босату мүмкіндігі алынып тасталды (73-бап алынып тасталды).
Қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғандығы үшін жауаптылық күшейтілді.
ӘҚБтК-тің 461-бабына сәйкес «Қорғау нұсқамасын бұзу», ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу 10 тәулікке (бұрын ескерту жасауға немесе 5 тәулікке дейін болған) әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Құқық бұзушының мінез — құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғандығы үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу белгіленді (бұрын 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу болған);
Осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін — 20 тәулікке қамауға алынады (бұрын 10 тәулікке дейін болған).
Бұл отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша өзгерістер мен толықтырулар осы жылғы 1 шілдеде күшіне енеді.
«Отан – отбасынан басталады» деп айтылғандай бақытты және жарқын болашақ қалыптастыру үшін отбасы мүшелерінің құқықтарына құрметпен қарап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырамыз.
Егерде сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз Полиция органының «102» байланыс телефонына хабарлауды сұраймыз.
Қазығұрт ауданының прокуратурасы
